Өңір жаңалықтары
Екі жылда туризмге салынған инвестиция 2,2 трлн теңгеден асты
Туризмді дамыту және оның ұлттық экономикадағы рөлін нығайту сапалы жаңа кезеңге өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің туристік әлеуетін ашуға, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, кадрлық әлеуетті күшейтуге және саяхатшыларды тартатын барлық нысандарда қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі басымдықтарды айқындады. Мемлекет басшысы нақты міндеттер белгіледі: өңірлер инфрақұрылымды дамытуға, ал орталық мемлекеттік органдар Қазақстанның туристік әлеуетін шетелде танытуға, шетелдік туристер тартуға және заңнаманы жетілдіруге жауапты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ақтөбе облысының мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашылуда
Ақтөбе облысында 2025–2028 жылдарға арналған «Болашаққа – сау тіспен» Жол картасын іске асыру жалғасуда. Жоба аясында мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылып, ауыз қуысы ауруларының алдын алу және оларды ерте кезеңде анықтау жұмыстары оқушылардың білім алатын жерінде жүргізілуде, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Еліміздің өңірлерінде білім беру және теміржол инфрақұрылымының жаңа нысандары ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу және мектепке дейінгі білім беруге қолжетімділікті арттыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қызылорда облысында күріш жинау науқаны басталды
Қызылорда облысындағы Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік алқабында өткен «Егіс күні – 2026» іс-шарасы аясында күріш жинау жұмысы қолға алынды. Жиналғандар алдында су үнемдеу технологияларын енгізу, топырақ құнарлылығын арттыру және күріш шаруашылығындағы агротехникалық әдістерді жетілдіру бағыттарындағы ғылыми-тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері таныстырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстан жаһандық технологиялық қоғамдастықтың орталығына айналды: Network School Астанада ресми түрде іске қосылды
Қазақстанда Network School Kazakhstan – әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіпкерлерді, инженерлерді, зерттеушілерді және технологиялық өнім жасаушыларды біріктіретін халықаралық технологиялық қоғамдастық ресми жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды
13,5 млн гектар қайта бөлінген ауыл шаруашылығы жері, ЖИ енгізу және аграрлық ғылымды дамыту: Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары қалай орындалуда
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыру бойынша берген тапсырмаларын орындау жұмыстары елімізде жалғасып келеді. Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы әкімдіктермен бірлесіп, қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу, жер қатынастарын цифрландыру, қолданбалы аграрлық ғылымды дамыту және өндіріске заманауи технологияларды енгізу шараларын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды
Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды
Мойынты – Қызылжар желісінің құрылысында теміржол жолдарының түйісуі аяқталды. Бұл – Қазақстандағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірін жүзеге асырудағы маңызды кезең. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілуде және еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға, халықаралық көлік бағыттарын кеңейтуге және экспорттық тасымалдар көлемін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент Жолдауын жүзеге асыру: 42 жаңа су қоймасы, су саласын цифрландыру және инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық және су инфрақұрылымын жаңғыртуды еліміздің орнықты дамуының негізгі факторларының бірі ретінде атап өтті. Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында су шаруашылығы кешенін жаңарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізілуде. Су қоймалары салынып, реконструкциялануда, су арналары жаңғыртылып, заманауи суару технологиялары мен су ресурстарын басқарудың цифрлық жүйелері енгізілуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ақтөбе облысында Жем станциясының вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
Ақтөбе облысында 1905 жылы салынған Жем станциясының вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жөндеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді. Қайта жаңғырту барысында вокзалдың бір қабатты ғимараты жаңартылып, оның ауданы 387,5-тен 421,2 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Қасбет, нысанның іші, инженерлік жүйелер мен инфрақұрылым элементтері жаңартылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Көксу қант зауытының өңдеу қуаты тәулігіне 3 мың тоннаға дейін артады
Қазақстанда қант қызылшасын жинау науқанына және одан кейінгі өңдеу маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Осы саладағы белгілі кәсіпорындардың бірі – Көксу қант зауытында жаңа өнімді қабылдауға дайындық жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.