Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Қазақстанда үш жыл ішінде жалпы сыйымдылығы 745,6 мың тоннаны құрайтын 95 көкөніс қоймасы пайдалануға берілді 2 қыркүйек

Қазақстанда үш жыл ішінде жалпы сыйымдылығы 745,6 мың тоннаны құрайтын 95 көкөніс қоймасы пайдалануға берілді

Өңірлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Көкөніс және жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау қоймаларын арттыру мақсатында өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, 2023–2025 жылдарға арналған көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі Кешенді жоспар іске асырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Үлкен Алматы каналын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі 2 қыркүйек

Үлкен Алматы каналын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын үш кезең бойынша реконструкциялау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта ұзындығы 15,6 шақырым болатын учаскені реконструкциялау жобасы әзірленді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Елімізде екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды 2 қыркүйек

Елімізде екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды

Қазақстан Үкіметі жер қойнауын геологиялық тұрғыдан зерттеу жүйесін жаңарту жұмыстарын жалғастырып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауларында айқындалған тапсырмаларды жүзеге асыру аясындағы негізгі бағыттардың бірі – геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру, цифрлық құралдарды дамыту және минералды-шикізат базасын неғұрлым ұтымды пайдалану үшін жағдай жасау, деп хабарлайды Primeminister.kz.

СҚО-да мүгедектігі бар балаларды оңалтуды бақылауға арналған цифрлық күнделік сынақтан өтеді 1 қыркүйек

СҚО-да мүгедектігі бар балаларды оңалтуды бақылауға арналған цифрлық күнделік сынақтан өтеді

Солтүстік Қазақстан облысында үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілін сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Жоба барысында әр саланың мамандары тартылып, FSM Social цифрлық платформасы пайдаланылады. Жобаны Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы жүзеге асырады. Сынақ аясында 180 баланы қамту көзделген. Оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған 20 бала және психоневрологиялық бұзылыстары бар 160 бала бар, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қызылорда облысында құны 1 млрд теңге болатын күріш өңдеу зауыты іске қосылды 1 қыркүйек

Қызылорда облысында құны 1 млрд теңге болатын күріш өңдеу зауыты іске қосылды

Өңірде орналасқан «Абзал и К» компаниясы заманауи автоматтандырылған күріш өңдеу зауытын ашты. Жаңа нысан осы саладағы өндіріс қуатын 2,5 есеге арттыруға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге және күрішті өңдеу тиімділігін арттыруға ықпал етпек. Жобаның жалпы құны – 1 млрд теңге, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жаңа оқу жылы: Қазақстанда 57 жаңа мектеп ашылды 1 қыркүйек

Жаңа оқу жылы: Қазақстанда 57 жаңа мектеп ашылды

2026-2027 оқу жылында еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн бала білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады. Жаңа оқу жылы қарсаңында 62 мың оқушы орнына арналған 57 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңа нысандардың ашылуы қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайтып, балалардың заманауи жағдайда білім алуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Қазақстанда ауыл мектептеріне арналған ұлттық ЖИ-білім беру платформасының пилоттық жобасы іске қосылды 1 қыркүйек

Қазақстанда ауыл мектептеріне арналған ұлттық ЖИ-білім беру платформасының пилоттық жобасы іске қосылды

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ауылдық шағын жинақты мектептердің білім беру процесіне жасанды интеллектті енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жобаның алғашқы қатысушылары Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 мектеп болды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Еліміздегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 46,7%-ға дейін артты 1 қыркүйек

Еліміздегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 46,7%-ға дейін артты

Қазақстанның 2026 жылға арналған экономикалық күн тәртібі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған шикізатты терең өңдеу моделіне көшу бағытымен сипатталады. Президент тапсырмасы бойынша өңдеу секторы мен жоғары технологиялы өндірістерді дамытуға негізгі басымдық берілді. Бұл тәсіл шикізатты терең өңдеу және қосылған құны жоғары өнім шығаруды кеңейту арқылы экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қостанайда теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды 31 тамыз

Қостанайда теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

1974 жылы салынған вокзал ғимараты бүгінде жолаушылар инфрақұрылымының заманауи талаптарына толық сай келеді. Ғимараттың жалпы аумағы 7 412 шаршы метрден 8 483 шаршы метрге дейін ұлғайды. Нысан жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған заманауи үш қабатты ғимаратқа айналды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Текелі энергокешені электр энергиясын өндіру көлемін екі жылда 53 МВт-қа ұлғайтты 31 тамыз

Текелі энергокешені электр энергиясын өндіру көлемін екі жылда 53 МВт-қа ұлғайтты

ҚР Энергетика министрлігі ел экономикасының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында генерациялайтын қуаттарды арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Мемлекет басшысының жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Жетісу облысындағы «Текелі энергокешені» ЖШС-ін жаңғыртудың кезекті кезеңі аяқталды. Пайдалануға қуаты 17 МВт болатын үш кәдеге жаратушы қазандық пен генераторы бар бу турбинасы енгізілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Creative Aimaq жобасы аясында Түркістан облысының креаторлары 21 млн теңгенің өнімін сатты 31 тамыз

Creative Aimaq жобасы аясында Түркістан облысының креаторлары 21 млн теңгенің өнімін сатты

2026 жылғы 29-30 тамызда Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық жобаларын таныстырды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Құны $78,6 млрд болатын 215 жоба Қазақстанның жаңа инвестициялық циклін қалыптастыруда 31 тамыз

Құны $78,6 млрд болатын 215 жоба Қазақстанның жаңа инвестициялық циклін қалыптастыруда

Қазақстанда тартылатын капитал көлемін ұлғайтуға ғана емес, оның құрылымын өзгертуге де бағдарланған жаңа инвестициялық цикл қалыптасуда. Басымдық өңдеу өнеркәсібіне, терең өңдеуге, жоғары технологиялық өндірістерге және қосылған құны жоғары өнім өндірісін локализациялауға ауысады, деп хабарлайды Primeminister.kz.