Өңір жаңалықтары
Білім беру ұйымдарының ғимараттары кенеттен тексеріледі
Жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына, ғимараттардың, инженерлік коммуникациялардың, ас блоктары мен медициналық пунктілердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. 2025 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, балалар болатын объектілерге мемлекеттік бақылау жүргізудің ерекше тәртібін көздейтін Заңға қол қойды. Ол 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Биыл 380 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады
Қазір еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн оқушы білім алуда. Биыл 380 мың бала бірінші сыныпқа қабылданатын болады. 11-сыныпқа 227 мың оқушы көшті. Өткен оқу жылында 230 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді. Биыл алғаш рет QazTech платформасында Бірыңғай «OQU» платформасы аясында «1-сыныпқа қабылдау» кезең-кезеңімен іске қосылды. Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесінің барлық деңгейінде Жаңа Конституция қағидаттарын кезең-кезеңімен енгізу бойынша кешенді жұмысты жүйелі түрде жүзеге асыруда. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары жаңа Конституция нормаларына сәйкес қайта қаралды. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Қазақстан дәрі-дәрмек өндірісін арттырып, медицинаны жаңғыртуға және цифрлық технологияларды енгізуге басымдық беруде
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде: отандық дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі артып, өңірлердегі медициналық инфрақұрылым кеңейіп келеді, медицина кадрларының тапшылығы азайып, цифрлық технологиялар енгізілуде. Бұл жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Алматыда Өңірлік травматология және ортопедия орталығы ашылды
№4 Қалалық клиникалық аурухана базасында ауыр жарақат алған және тірек-қимыл аппараты аурулары бар пациенттерге көмек көрсетуге арналған мамандандырылған орталық құрылды. Орталық шұғыл диагностикадан және жоғары технологиялық отадан бастап, қалпына келтіру мен медициналық оңалтуға дейінгі көмектің толық циклін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Емдеу ТМККК және МӘМС аясында жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Балаларға арналған шұбат: Жаңаөзенде Қазақстандағы алғашқы жоба іске қосылады
Қыркүйек айынан бастап Жаңаөзен қаласындағы 25 мектептің оқушыларына түйе сүтінен дайындалатын дәстүрлі сусын – шұбат беріледі. Бұл – ұлттық сусынды мектеп оқушыларының тамақтану рационына жүйелі түрде енгізуге бағытталған Қазақстандағы алғашқы жоба, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.
Өңірлердегі ауруханаларды реновациялау шеңберінде 26 жаңа бейінді бөлімше ашылды
Қазақстанда өңірлерде мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында облыстық көпбейінді ауруханаларды жаңарту бағдарламасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі
32 су шаруашылығы нысанында шағын ГЭС салынады
«Қазсушар» РМК-ның су шаруашылығы нысандарында шағын гидроэнергетиканың әлеуетін арттыру жөніндегі Жол картасы аясында шағын ГЭС салу үшін 32 нысан іріктелді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді
Ташкент қаласында 92 елден 375 оқушы қатысқан Информатикадан халықаралық IOI 2026 олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлде иеленді. Ұлттық құрама 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Қазақстандағы әлеуметтік нысандардың 98%-ы жылыту маусымына дайын
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстанда обырды ерте диагностикалау кеңейтілуде
Елімізде онкологиялық көмекті дамыту шеңберінде дәлдігі жоғары диагностиканың мүмкіндіктері кеңейтілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 17,4 мың ПЭТ/КТ зерттеуі жүргізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға көп, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.