Өңір жаңалықтары
Алматыда өткен конференцияда азаптауға қарсы іс қимылдың халықаралық тәжірибесі қаралды
Алматыда Орталық Азия елдері үшін «Азаптау мен қатыгездіктің алдын алу: халықаралық және еуропалық стандарттар және озық тәжірибе» тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі.
Қарағанды облысында тұқым тазарту желісі іске қосылады
Қарағанды облысының Нұра ауданында биыл тұқым тазарту желісін іске қосу жоспарлануда, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Жамбыл облысында қуаттылығы 1 ГВт болатын ЖЭС салынады
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Астана қаласында франциялық Total Eren компаниясының басшылық өкілдерімен кездесті.
Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауылдарында тұратын отбасыларға 2,5 мыңға жуық мал берілді
Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын белсенді іске асыру жалғасуда. Бұл – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, ауылдық аумақтарды инфрақұрылымдық дамытуға, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыруға бағытталған кешенді жоба, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Мамандығым – Болашағым» жобасы басталды
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 2029 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына енген «Мамандығым – Болашағым» өңірлік жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Жамбыл облысында биыл 106 тұрғын үй асар әдісімен салынады
Биыл «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспанаға мұқтаждар үшін 106 тұрғын үй салынады, деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.
Экология министрі Қостанай облысының жұртшылығымен кездесті
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жергілікті жұртшылықпен кездесу өткізді.
Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады
Мемлекет басшысына Алматы қаласының биылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөнінде баяндалды. Осы кезеңде қысқамерзімді экономикалық индикатор іскерлік белсенділік есебінен 23,9 пайызға дейін үдеді. Ал іскерлік белсенділік көрсеткіші 57,9 пайызға дейін өсіп, өңірлер арасында бірінші орынға шықты.
Жаңа сауда-логистикалық орталықтарды құру және сейсмикалық аудит жүргізу: Үкіметте Алматының даму мәселелері қаралды
Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы және Алматы агломерациясын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Әлихан Смайылов Ұлытау облысында инвестиция көлемін және жаңа инвестициялық жобалар санын арттыруды талап етті
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар және өңір әкімдігі басшыларының қатысуымен Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
А. Көлгінов Қызылорда облысының апатты жағдайдағы мектептерінде болды
Апатты жағдайдағы мектептер мәселесі ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында талқыланды. Өңірде 6 апатты және үшауысымды мектеп бар, Primeminister.kz.
«OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытының базасында субстанциялар өндіру жөніндегі цехты желтоқсан айында іске қосу көзделген
Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, бүгінгі күні Қордай ауданындағы зауыт цехында,ы құрылыс-монтаж жұмыстары 85%-ға орындалды. Ал, фармакологиялық жабдықтың 70% жеткізілген.