Өңір жаңалықтары
Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді
Ақмола облысы Целиноград ауданында Қаражар және Қараөткел ауылдарын газбен қамту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталып, газ беру жүйесі іске қосылды. Бастапқы жоспар бойынша 2028 жылға дейін жалғасуы тиіс болған құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Инфрақұрылымның мерзімінен бұрын пайдалануға берілуінің арқасында елорда маңындағы 24 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына жыл басынан бері 614 мыңнан астам адам қатысты
Алматы облысында дәстүрге айналған «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Сенбілікке облыс бойынша 25 мыңға жуық адам атсалысып, нәтижесінде 545 тонна қоқыс шығарылды, 302 гектар аумақ тазартылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің алғашқы форумы басталды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған форум ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімі бойынша Достастық елдерінің волонтерлік бастамаларын біріктіріп, өзара тәжірибе алмасуға арналған жыл сайынғы тұрақты алаң ретінде құрылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда теміржол машиналарын жасау саласы өнімдерін өндіру көлемі 7 есеге артты
Ел экономикасының тұрақты дамуында көлік-логистикалық саласының, оның ішінде, теміржол машиналарын жасау кешенінің маңызы ерекше. Кейінгі жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп, отандық кәсіпорындардың өндірістік әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
«Күміс жас»: 50 жастан асқан 9 мыңнан астам адам жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды
Қазақстанда 50 жастан асқан азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған «Күміс жас» жобасы жалғасып жатыр. Жыл басынан бері жобаға 9,2 мыңнан астам адам қатысқан. Бұл биылғы жоспардың 92%-дан астамы орындалғанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуат іске қосылмақ
2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуатты іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, Жамбыл ГРЭС-інде жалпы қуаты 210 МВт болатын 5 газтурбиналық қондырғыны, «МАЭК» ЖШС-де қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын, «Баскуат Энергопром» ЖШС жобасының бірінші кезеңі аясында жалпы қуаты 34,7 МВт болатын 5 газпоршеньді қондырғыны, сондай-ақ «Kazakhmys Energy» ЖШС-де қуаты 70 МВт бу-газ қондырғысын іске қосу көзделген, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Ұлттық жобалар негізгі салалардағы нәтижелерді қамтамасыз етіп отыр - ҚР Үкіметі
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономика мен әлеуметтік саланың негізгі салаларын кең ауқымда жаңғырту туралы тапсырмаларын орындау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Осы жұмыс шеңберінде «Келешек мектептері» және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын жүзеге асыру аяқталды, «Қолжетімді интернет» пен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жобалары бойынша жұмыстар жалғасуда, сондай-ақ «Көмір генерациясын дамыту» жаңа ұлттық жобасы басталуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қостанай облысында жылына 16,6 мың тонна өнім өндіретін «Кондитерлік астана» кешені іске қосылды
Қостанай облысында тамақ өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың бірі – «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының «Кондитерлік астана» технологиялық кешені іске қосылды. Жоба Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Астанада QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 форумы өтті
Астанадағы Халықаралық жасанды интеллект орталығы alem.ai алаңында Қазақстан экономикасында гуманоидты робототехниканы, Embodied AI және Robotics & AI шешімдерін практикалық қолдану мәселелеріне арналған QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 форумы өтті, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Астанада «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
Астана қаласының Достық үйінде жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қолдау көрсетуге бағытталған республикалық «Мектепке жол» жобасы аясында қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шара барысында 50-ден астам балаға мектеп сөмкелері мен қажетті оқу құралдары табысталды. Сондай-ақ аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Жыл басынан бері Қарағанды облысында 4 мыңнан астам адам волонтерлік бастамаларға қатысты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Бұл еліміздегі волонтерлік бастамалардың дамуына және көпшіліктің әлеуметтік, экологиялық, мәдени әрі білім беру жобаларына белсенді қатысуына ықпал етті. Жыл басынан бері Қарағанды облысында 1 775 волонтерлік іс-шара өткізіліп, оған 4 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Түркістанда «Ecoculture-Eurasia» жобасының бірінші кезеңінде 2 млн кг қызанақ өндірілді
Түркістан облысында жылыжай өндірісі саласындағы ірі инвестициялық «Ecoculture-Eurasia» жобасы жүзеге асырылуда. Былтыр 6,25 гектар аумаққа жоғары өнімді «Климон F1» қызанақ сортының көшеті отырғызылған болатын. Жобаның бірінші кезеңі аясында кәсіпорын 2 млн кг немесе 2 мың тонна қызанақ өндірді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.