Өңір жаңалықтары
12 қарашаОлжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Анталиядағы COP31 саммитіне қатысты
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Анталияда (Түркия) өтіп жатқан БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 31-ші конференциясының (COP31) жұмысына қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
11 қарашаҚызылордада жүгеріні терең өңдеу жобасының алғашқы кезеңі іске қосылды
11 қарашаТүркістан облысында Қызылқұм магистральдық каналының реконструкциясы қайта жанданды
9 қараша«Ауқымды құрылыс қарқыны»: бір апта ішінде қандай жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандары іске қосылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында еліміздің өңірлерінде көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, оның ішінде тұрғын үй инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.
6 қарашаОлжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыру барысы туралы кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру барысы туралы кеңес өткізді. Жоба Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында цифрлық экономиканы қалыптастыру және еліміздің цифрлық өзгерісін жеделдету жөнінде қойған міндеттеріне сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.
5 қарашаЖезқазғанда онкология орталығы мен жаңа емхана салынады
Жезқазған қаласында 100 төсектік онкология орталығы және бір ауысымда 250 адам қабылдайтын заманауи емхана салынады. Жаңа нысандар Ұлытау облысының тұрғындарына медициналық қызметтерді тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға мүмкіндік береді. Онкология орталығының құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасының шеңберінде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
4 қарашаАтырау облысының балық шаруашылығына 25 млрд теңгеден астам инвестиция салынады
Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығын дамыту, тауарлы балық өсіру көлемін ұлғайту, өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын жаңғырту және балық ресурстарын сақтау бағытында кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бұл әсіресе Атырау облысында белсенді қолға алынуда.
4 қарашаАстанада «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында дөңгелек үстел өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында «Оқитын ұлт – өркениетке бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
4 қарашаЕліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді
QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көшбасшылық орнын сақтап, үш университеті рейтингтің алғашқы жүздігіне енген өңірдегі жалғыз мемлекет атанды. Биылғы рейтингке еліміздің 51 жоғары оқу орны енгізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жеті университетке артық, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
4 қарашаАстанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпазы атанған 20 отбасы марапатталды
Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауда еліміздің әр өңірінен адал еңбегімен және ұрпақ тәрбиесіндегі өнегесімен көпке үлгі болған 20 отбасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
3 қарашаАлматыдағы №2 ЖЭО-да газдағы жаңа су жылыту қазандығы жылу бере бастады
Алматыдағы №2 жылу электр орталығында көмірдің орнына табиғи газбен жұмыс істейтін жаңа су жылыту қазандығы жылу бере бастады. Нысанның іске қосылуы станцияны ауқымды жаңғырту және көмірден табиғи газға көшіру жұмыстарының кезекті маңызды кезеңі болды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
2 қарашаМаңғыстау облысының креаторлары Астанадағы жәрмеңкеде 33 млн теңгеден астам өнімді сатты
Астанада Creative Aimaq жобасы аясында Qazaq Creative Hub алаңында ұйымдастырылған «Маңғыстау: Тамыр. Талғам. Креатив» атты екі күндік жәрмеңке аяқталды. Іс-шара қорытындысында 33 млн 260 мың теңгенің өнімі сатылды.