Өңір жаңалықтары
Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды
Биылғы жиым-терім қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин күзгі егіс жұмысы бойынша жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Елордаға «Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік туры аясында 330-дан астам оқушы келді
Елорда әкімдігінің қолдауымен «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы ұйымдастырған «Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік туры жалғасып жатыр. Жаз басталғалы бері елордаға Абай, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Ұлытау облыстарынан 335 оқушы келіп үлгерді. Тамыз айының соңына дейін әлеуметтік тур аясында Қазақстанның барлық өңірінен 500-ден астам баланың Астанаға келуі жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып жатыр. Осы мақсатта Астанада заманауи мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 7 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевті қабылдады
Астанада «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы қорытындыланды
Астанада «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры жүзеге асырған «Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасының қорытынды іс-шарасы өтті. 27 шілде мен 12 тамыз аралығында Қазақстанның ұлттық қолөнер саласындағы 10 үздік шебер 8-20 жас аралығындағы 208 қатысушыға дәстүрлі қолөнердің технологиялары мен қыр-сырын үйретті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Алматыда ЕАЭО Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің 7-отырысы өтті
Отырысқа Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі – өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян, Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут, Армения Республикасының Экономика министрі Геворг Папоян, Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Юрий Горлов, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Эрлист Акунбеков, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы джихады министрінің орынбасары Акбар Фатхи қатысты, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Астанада спорт саласындағы реформалардың алғашқы нәтижелері қорытындыланды
Астанада Спорт күні қарсаңында «Қазақстандағы спорт – реформалардан нәтижеге дейін. Дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заңды іске асыру қорытындылары» атты спорт конференциясы өтіп жатыр. Пленарлық сессияларда саладағы ауқымды реформалардың алғашқы нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Олжас Бектенов Павлодар облысындағы «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық экономиканы және тиісті инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» (Data Center Valley) жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді. Жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Коммуналдық секторды жаңғырту: өңірлерге нақты міндеттер қойылды
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Қарағандыда «Энергетикалық мен коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының Жобалық офисінің көшпелі отырысын өткізді. Өңірлердегі жобалардың орындалу қарқыны, конкурстық процедуралардың барысы мен қаржыландыру, сондай-ақ коммуналдық саланы цифрландыру мен есептеу құрылғыларын орнату мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан бойынша көлік инфрақұрылымын жаңғырту және теміржол вокзалдарын жаңарту жөніндегі кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Осы жұмыстар аясында Түркістан облысындағы «Түлкібас» теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
Маңғыстауда «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық волонтерлік апталығы өз мәресіне жетті
Бүгін, 12 тамыз – Каспий күніне орай Ақтау қаласында «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық волонтерлік апталығының жабылу салтанаты өтті. Іс-шараға сегіз елдің делегациялары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, волонтерлер мен жастар қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігі.
Жамбыл облысы Нұрлыкент ауылында жаңа спорт кешені ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.