Өңір жаңалықтары
Биыл шамамен 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Соңғы 3 жылда Ақмола облысында жыл сайын кемінде 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.
Жыл сайын 28 жақын және алыс шет елдерге 2 млн тоннадан астам астық экспортталады – Ақмола облысының әкімі
Ақмола облысы – негізгі ауыл шаруашылық өңірлердің бірі, елдегі ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі оның үлесі 10% құрайды. Биыл дәнді дақылдар егістік алқабын 5,1 млн гектарға дейін жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.
Жыл басынан бері 66 млрд теңгеден астам сомаға жергілікті азық-түлік тауралары өндірілді
Соңғы 3 жылда тамақ өнеркәсібінде өсімнің жоғарғы қарқыны сақталуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті. Жыл басынан бері 66 млрд теңгеден астам сомаға жергілікті азық-түлік тауары өндірілді.
Е.Маржықпаев: Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды индикаторларын орындау жөнінде бірінші орында
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ақмола облысында халыққа қолдау көрсету бойынша нақты жұмыстар жүзеге асырылуда. Алға қойылған міндеттерді және дағдарыстан кейінгі дамудың басым бағыттарын іске асыра отырып, өңір дамудың оң серпінін сақтап қалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.
Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндалды.
Қарағанды облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты
Жалпы алғанда, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты. Жыл соңына дейін экономика салаларында оң динамиканы қамтамасыз ету міндеті алға қойылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Биыл 650 мың м2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған – Қарағанды облысының әкімі
Биыл 5 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару 1,8%-ға өсті. Көктемгі дала жұмыстары оңтайлы агротехникалық мерзімде аяқталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады.
9 ұлттық жоба аясында 15,4 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда
Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,1%-ға артты. ШОБ өнімінің жылдық шығарылымы 2 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады.
Жыл соңына дейін тағы 2 импорт алмастырушы кәсіпорын іске қосылады
Жыл басынан бері облыс экономикасына шамамен 202 млрд теңге инвестицияланды. Оның ішінде, 90%-дан астамы жеке жобалар. Жыл соңына дейін 12 жоба жүзеге асырылады, 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылады (1936). Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары жөнінде баяндалды.
Президент Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдап, өңірдің қазіргі жағдайы туралы баяндамасын тыңдады.
А.Мұхамбетов: Тұрақтандыру қорында азық-түлік тауарының 19 атауынан 15 тауар түрі бар
Дағдарысқа қарсы шаралар аясында нақты шаралар қабылданып жатыр. Инфляцияны бақылау және төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында 6,6 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте хабарлады.