Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады 12 тамыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Мемлекет басшысы Ақорда төрінде өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын, ұлт мүддесі үшін қажырлы қызмет етіп, халықтың ықыласына бөленіп келе жатқан бір топ азаматқа құрмет көрсетті.

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады 12 тамыз

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың құрылысы басталды. Жоба қаланың энергетикалық қуатын арттырып, Шығыс Қазақстан облысының жылумен қамтамасыз ету сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Қызылорда облысында қызанақты қайта өңдейтін зауыт салынады 12 тамыз

Қызылорда облысында қызанақты қайта өңдейтін зауыт салынады

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қызанақ пастасын өндіретін кәсіпорын іске қосылмақ. «Alpecon Group» компаниясы кәсіпорынды жаңғыртып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге арналған заманауи өндіріс орындарын құруға 2,3 млрд теңге инвестиция салуды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 12 тамыз

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Қазақстанда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау жалғасуда. Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Бүгінде болжанған бала санының 320 мыңға жуығы, яғни шамамен 84%-ы мектептерге қабылданды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Еліміздің бес өңірінде бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары ашылады 12 тамыз

Еліміздің бес өңірінде бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары ашылады

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтарын құру тұжырымдамасы таныстырылды. Пилоттық жоба «Даму» қорының өңірлік филиалдарының базасында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті 11 тамыз

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Отын-энергетика кешенін цифрландыру бойынша жұмыс жалғасады. Негізгі бағыттардың бірі – газ желілеріне қосылу рәсімдерін онлайн форматқа көшіру, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Цифрлық жұмыспен қамту қызметі: жұмыс адамды өзі табады 11 тамыз

Цифрлық жұмыспен қамту қызметі: жұмыс адамды өзі табады

Қазақстанда жұмыспен қамтудың цифрлық қызметі енгізілуде, мақсаты – жұмыспен қамтуды проактивті қамтамасыз етуге көшу, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

Түркістан облысындағы ең ірі су қоймасында су есебін автоматтандыру үшін датчиктер орнатылды 11 тамыз

Түркістан облысындағы ең ірі су қоймасында су есебін автоматтандыру үшін датчиктер орнатылды

Су ресурстары және ирригация министрлігі Еуразиялық даму банкімен (ЕАДБ) және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, Шардара су қоймасындағы су есебін автоматтандыру жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба аясында деректерді онлайн режимде беретін 8 гидротехникалық нысанға су деңгейі мен су шығынын өлшейтін 11 датчик орнату көзделген. Бұл суды дәлірек есепке алуға және қолмен өлшеу қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жетісу облысында су үнемдеу технологияларымен қамтылған алқап көлемі 4,6 есеге ұлғайды 10 тамыз

Жетісу облысында су үнемдеу технологияларымен қамтылған алқап көлемі 4,6 есеге ұлғайды

Қазақстанда ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын қолдану ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. Су ресурстарын ұтымды пайдалану және суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат аясында өңірлерде тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларымен қамтылған алқап көлемі артып, заманауи әрі қолжетімді суару жүйелері енгізілуде. Жетісу облысында соңғы төрт жылда заманауи суару технологияларымен қамтылған жер көлемі 4,6 есеге, яғни 34 мың гектарға ұлғайды. Қазіргі таңда аталған технологиялар 43,1 мың гектар алқапта қолданылып отыр. Бұл өңірдегі суармалы жерлердің 20,5%-ын құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жыл басынан бері Skills Enbek платформасында 99 мыңнан астам қазақстандық оқудан өтті 10 тамыз

Жыл басынан бері Skills Enbek платформасында 99 мыңнан астам қазақстандық оқудан өтті

2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 99,5 мың қазақстандық Skills Enbek кәсіби оқыту платформасында онлайн курстарды сәтті аяқтап, сертификат алды. Платформа жұмысын бастағалы бері 1,3 миллионнан астам адам тіркелген. Тек биылдың өзінде оқуға 143,4 мың адам қосылды. Ал платформада берілген сертификаттардың жалпы саны 1,29 миллионға жетті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сарапшылар: Абайдың шығармашылығы қоғам үшін әлі күнге дейін өзекті 10 тамыз

Сарапшылар: Абайдың шығармашылығы қоғам үшін әлі күнге дейін өзекті

Абай Құнанбаевтың идеяларын айтқанына 100 жылдан астам уақыт өтті. Қазір бұл идеяларының қаншалықты өзекті екені жиі талқыға салынады. Абай сынды тұлғалардың ойы, өлеңдері, қара сөздерінде айтқан тұжырымдамалары әр заман үшін өзекті. Түркология ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Қызылордадағы жаңа газ жылу электр станциясы 500 млн кВт·сағат электр энергиясын өндірді 10 тамыз

Қызылордадағы жаңа газ жылу электр станциясы 500 млн кВт·сағат электр энергиясын өндірді

Қызылордада іске қосылған қуаты 240 МВт жаңа бу-газ қондырғысы Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосқан үлесін ұлғайтуда. Станция іске қосылғаннан бері шамамен 500 млн кВт·сағат электр энергиясын өндіріп, тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.