Өңір жаңалықтары
Абай мұрасы: заманауи ғылыми зерттеулер ұлы ойшыл мұрасының жаңа қырларын ашады
Абайдың бай рухани мұрасын сақтау, жан-жақты зерделеу және кеңінен дәріптеу – мемлекеттік ғылыми саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта Абайдың өмірі, шығармашылығы, философиялық көзқарастары мен тілдік мұрасын зерттеуге арналған іргелі және қолданбалы ғылыми жобаларға жүйелі қолдау көрсетіліп келеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Отандық өндірісті дамыту және импортты алмастыру: Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда
Отандық тауар өндірушілерді қолдау – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет ішкі өндірісті дамытуға, жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар құруға, қазақстандық қамту үлесін арттыруға және ел ішінде орнықты өндірістік тізбектер қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысушыларды құттықтады
12 өңірде 1 850 төсек-орынды қамтитын оңалту орталықтарын салу бойынша ауқымды жоба іске асырылуда
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсететін заманауи оңалту орталықтарының желісі кеңейіп келеді. Мұндай инфрақұрылымды дамыту жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қазақстан халықаралық білім және ғылым орталығы ретіндегі әлеуетін нығайтып жатыр
Жаһандық технологиялық трансформация жағдайында білім, инновациялар және адами капитал экономикалық өсім мен орнықты дамудың басты ресурсына айналып отыр. Осыған байланысты Қазақстан ғылым мен жоғары білімді экономиканы жаңғыртудың, технологиялық прогресті жеделдетудің және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі тетігі ретінде қарастырып, оларды дамытудың жаңа моделін дәйекті түрде қалыптастырады, деп хабарлайды ҚР Ғылым мен жоғары білім министрлігі.
Астанада «Таза Қазақстан» жобасын қолдауға бағытталған Eco Future Lab экологиялық хакатоны өтті
Астанада «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен шағын грант аясында Eco Future Lab экологиялық хакатоны өтті. Хакатонға Астана қаласындағы мектептер мен колледждердің 14 пен 17 жас аралығындағы оқушылары мен студенттері қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Ақмола облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға қайтарылған активтер қаражаты есебінен 1,4 млрд теңге бөлінді
Президенттің заңсыз иемденілген активтерді қайтару және оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін пайдалану жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Ақмола облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Арнаулы мемлекеттік қордан Үкімет осы мақсаттарға 1,4 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстандық ғалымдардың әзірлемелері «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендін толықтырып жатыр
Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері негізінде әзірленген өнімдер «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендінің дамуына үлес қосып келеді. Бүгінде білім беру, экологиялық қауіпсіздік, агроөнеркәсіп, тағам өндірісі және құрылыс салаларында қолданылып жүрген отандық технологиялар ғылыми қызмет нәтижелерінің экономикаға енгізіліп жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Ұлытау облысында Күлтөбе қалашығының археологиялық мұрасы туралы көшпелі көрме ашылды
Ұлытау облысында «Күлтөбе қалажұрты: көне Түркістан тарихының бастауы» атты көшпелі көрме ашылды. Экспозиция Күлтөбе қалашығының археологиялық мұрасын және Ұлы даладағы қала мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін таныстырады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Астанада 150-ге тарта жас суретші Абай Құнанбайұлының портретін бір мезетте салды
10 тамыз – Абай күніне орай Астанада ұлы ақынның әдеби-рухани мұрасын насихаттауға арналған онкүндік іс-шаралар бастау алды. Соның аясында «Абай әлемі балалар көзімен» атты қалалық көркемсурет акциясы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
2026 жылғы шілдеде Электрондық еңбек биржасында 104,6 мың бос жұмыс орны жарияланды
2026 жылғы шілдеде Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104,6 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер тарапынан 141,2 мың түйіндеме орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті
Астанада жолаушы мінген EH216-S ұшқышсыз әуе кемесінің тарихи демонстрациялық ұшуы өтті. Тік ұшып-қонып, электр қуатымен қозғалатын (eVTOL) сериялық әуе аппараты «Future Games 2026» халықаралық турнирі аясында елордадағы арнайы рұқсат етілген аумақта сынақ ұшуын орындады. Бұл – Қазақстан тарихындағы жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.