Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 22 мыңнан астам тұрғын тазалық жұмысына атсалысты 6 тамыз

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 22 мыңнан астам тұрғын тазалық жұмысына атсалысты

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы шаралар жалғасуда. Бүгін өңірде әдеттегідей «Таза бейсенбі» акциясы өткізіліп, 22 мыңнан астам тұрғын таңмен таласа тазалық жұмысына атсалысты. Игі шарада азаматтар қоршаған ортаға қамқорлық пен жауапкершілік сезімінің үлгісін көрсетті. Нәтижесінде 510 тонна қоқыс шығарылып, 282 гектар аумақ тазартылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Қолжетімді орта: жыл басынан бері 600-ден астам нысан тексерістен өтті 6 тамыз

Қолжетімді орта: жыл басынан бері 600-ден астам нысан тексерістен өтті

2026 жылдың басынан бері Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің әлеуметтік инспекторлары кедергісіз орта қалыптастыруға қатысты заңнама талаптарының сақталуын тексеру мақсатында 609 нысанға тексеру жүргізді. Оның ішінде 205-і жоспардан тыс, 291-і профилактикалық бақылау аясында, ал 113-і прокуратураның талабы бойынша өткізілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Солтүстік Қазақстан облысында Орталық Азиядағы ең ірі сауу қондырғысымен жабдықталған мегаферма ашылды 6 тамыз

Солтүстік Қазақстан облысында Орталық Азиядағы ең ірі сауу қондырғысымен жабдықталған мегаферма ашылды

Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің көшбасшысы ретіндегі мәртебесін нығайта түсуде. Өңірде Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі, бір мезетте 100 сиырды саууға арналған «Карусель» сауу қондырғысымен жабдықталған тағы бір заманауи сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Үкімет СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді 6 тамыз

Үкімет СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді

Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу жөніндегі тапсырмаларын, оның ішінде елге қайтарылған активтер есебінен жүзеге асыруды жалғастыруда. Осы мақсатта Арнаулы мемлекеттік қордан Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов және Соколов топтық су құбырларын реконструкциялауды аяқтауға 2,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ақтөбе облысындағы ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалармен танысты 5 тамыз

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ақтөбе облысындағы ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалармен танысты

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, цифрландыру салаларындағы жобаларды және әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Формула-1 H2O»: Алматы облысында спорт катерін шығаратын зауыт пен пилоттарды дайындайтын академия ашылады 5 тамыз

«Формула-1 H2O»: Алматы облысында спорт катерін шығаратын зауыт пен пилоттарды дайындайтын академия ашылады

Қапшағай су қоймасында алдағы 5 жыл бойы халықаралық «Формула-1 H2O» жарысы өткізіледі. Бұл жоба судағы сайысты ұйымдастырумен ғана шектелмейді. Алдағы уақытта өңірде катерлер шығаратын зауыт салынады деп жоспарлануда. Сондай-ақ су көліктерін басқаратын пилоттарды оқытатын академия ашылмақ. Тіпті су үстіндегі Формула-1 жарысында ел намысын қорғайтын ұлттық команда жасақталады, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.

Ақтөбе облысындағы су құбыры желілерінің құрылысына қайтарылған активтер қаражаты есебінен 5 млрд теңге бөлінді 5 тамыз

Ақтөбе облысындағы су құбыры желілерінің құрылысына қайтарылған активтер қаражаты есебінен 5 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының заңсыз шетелге шығарылған активтерді қайтару және бұл қаражатты елдің дамуына бағыттау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар нысандарды қаржыландыруды жалғастырып келеді. Ақтөбе облысындағы Сарыбұлақ жер асты сулары кен орнынан топтық су құбырын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Астанада 200-ге жуық оқушы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін бір мезгілде орындады 4 тамыз

Астанада 200-ге жуық оқушы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін бір мезгілде орындады

Астанада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының күніне орай «Ұлы дала әуені: Абайдың ән мұрасы» атты қалалық музыкалық флешмоб өтті. Іс-шара аясында 200-ге жуық оқушы Абайдың әйгілі «Көзімнің қарасы» әнін бір мезгілде орындады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Олжас Бектенов Президент тапсырмалары аясында отандық өндірушілерді қолдау жөнінде бірқатар тапсырма берді 4 тамыз

Олжас Бектенов Президент тапсырмалары аясында отандық өндірушілерді қолдау жөнінде бірқатар тапсырма берді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық тауарларды қолдау және ілгерілету мәселелері қаралды. Жиында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев және Сауда желілері одағы басқарма төрағасының орынбасары Эльбеги Абдиев, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстарының әкімдері ішкі нарықты отандық өніммен қамту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және өткізу нарықтарын кеңейту бойынша баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды 4 тамыз

Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды

Қазақстанда жаз басынан бері ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін 70 теміржол вокзалы пайдалануға берілді, оның ішінде 40 нысан шілде айында ашылды. Нысандарды қайта жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бағдарлама аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Қарағанды облысында газбен жабдықтау желілері кеңейтіліп, жаңа қалалар мен кенттер газға қосылуда 3 тамыз

Қарағанды облысында газбен жабдықтау желілері кеңейтіліп, жаңа қалалар мен кенттер газға қосылуда

Биыл табиғи газ Қарағанды қаласының жаңа аудандарына және өңірдегі өзге де елді мекендерге жеткізіледі. Облыста ауқымды газдандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде 16,5 мың жеке тұрғын үйдің иелері табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы бірқатар автокөлік жолының құрылысын бастап берді 3 тамыз

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы бірқатар автокөлік жолының құрылысын бастап берді

Президент «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдары құрылысының басталуына арналған телекөпірде сөз сөйледі.