Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Бір күнде еліміздің бес өңірінде жаңғыртудан өткен 9 теміржол вокзалы пайдалануға берілді 30 шілде

Бір күнде еліміздің бес өңірінде жаңғыртудан өткен 9 теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Атырау облысында Мақат, Сағыз және Доссор станцияларының теміржол вокзалдарын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Қайта жаңғырту барысында барлық нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстарының кешені орындалды: тірек конструкциялар, шатырлар мен қасбеттер жаңартылды, инженерлік желілер ауыстырылды, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді, іргелес аумақтар абаттандырылып, жаңа жиһаздар мен заманауи жабдықтар орнатылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Балқаш қаласында жаңа мыс қорыту зауыты салынып, 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады 30 шілде

Балқаш қаласында жаңа мыс қорыту зауыты салынып, 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады

Мемлекет басшысының шикізатты терең өңдеуді дамыту және қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Qazaq Smelter» ЖШС арасындағы мыс қорыту зауытын салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Вегетациялық кезеңнің өтуі Су ресурстары министрлігінің тұрақты бақылауында 29 шілде

Вегетациялық кезеңнің өтуі Су ресурстары министрлігінің тұрақты бақылауында

Елімізде су пайдалану лимиттерінің сақталуына және егіс алқаптарының құрылымына ерекше назар аударылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жол картасы шеңберінде ағымдағы жылға күріш егісі 80,3 мың га көлемінде бекітілді. Бұл туралы Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында хабарлады.

Су қоймаларының жұмыс режимдері күн сайын реттеледі 29 шілде

Су қоймаларының жұмыс режимдері күн сайын реттеледі

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында су ресурстарының жағдайы жайында баяндады. Оның мәлімдеуінше, бүгінде еліміздің ірі су қоймаларында 64,2 млрд м³ су жинақталған, бұл олардың жобалық көлемінің 75%-ын құрайды. Сонымен қатар қолда бар су қоры ағымдағы суару маусымының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жеткілікті.

Биыл 1,2 млн га алқапты суару үшін шамамен 11 млрд текше метр су алу жоспарда бар 29 шілде

Биыл 1,2 млн га алқапты суару үшін шамамен 11 млрд текше метр су алу жоспарда бар

Вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында суару маусымына дайындық өткен жылдың соңынан басталған болатын. 2025 жылғы желтоқсан 2026 жылғы қаңтар айларында жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы ұйымдарының қатысуымен бірқатар кеңес өткізіліп, онда алдағы суару маусымының тәуекелдері қаралып, қажетті шаралар айқындалды. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігімен 2024–2028 жылдарға арналған ылғалсүйгіш дақылдардың, оның ішінде күріштің егіс алқаптарын қысқартуды көздейтін Жол картасы бекітілді. Бұл туралы Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Астанада өтетін «Болашақ ойындары - 2026» турнирінің жүлде қоры 4,65 млн долларды құрайды 28 шілде

Астанада өтетін «Болашақ ойындары - 2026» турнирінің жүлде қоры 4,65 млн долларды құрайды

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада алғаш рет халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары - 2026» турнирі өтеді. Оған әлемнің жетекші клубтары мен командалары қатысады. Жарыстар қаланың төрт нысанында: «Барыс Арена», BEELINE Arena, «Қазақстан» жеңіл атлетика кешені мен Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.

Жамбыл облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын зауыттың құрылысы басталды 28 шілде

Жамбыл облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын зауыттың құрылысы басталды

Жамбыл облысында «ForYou Energy» ЖШС қолға алған қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын зауыттың құрылысына капсула салу рәсімі өтті. Ірі инвестициялық жоба Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы инвестициялық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Қазақстанда балмұздақ өндірісі 47,4%-ға өсті 28 шілде

Қазақстанда балмұздақ өндірісі 47,4%-ға өсті

Қазақстанның балмұздақ нарығы өз дамуының ең қарқынды кезеңдерінің бірін бастан өткеруде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша еліміздің балмұздақ өндірісі тұрақты өсім көрсетті. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мен салалық сарапшылардың деректеріне сәйкес, өндіріс көлемі 35,1 мың тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4%-ға артты, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қосшыны газдандыру толық аяқталды: қаланың барлық шағын аудандарындағы 72 мың тұрғын табиғи газға қол жеткізді 27 шілде

Қосшыны газдандыру толық аяқталды: қаланың барлық шағын аудандарындағы 72 мың тұрғын табиғи газға қол жеткізді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Энергетика министрлігі «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен бірлесіп, газ инфрақұрылымын дамыту және халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы жұмыстың кезекті нәтижесі ретінде Қосшы қаласын газдандыру жобасы толық аяқталды. Соның арқасында 72 мыңға жуық тұрғын экологиялық таза отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады 27 шілде

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады

Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады 27 шілде

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы баяндалды.

Қарағанды облысындағы Сарыбел станциясының теміржол вокзалы жаңартылды 27 шілде

Қарағанды облысындағы Сарыбел станциясының теміржол вокзалы жаңартылды

Қарағанды облысындағы Сарыбел станциясының теміржол вокзалында реконструкция жұмыстары аяқталды. Жаңартылған нысан заманауи көлік торабына айналып, жолаушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасалды. Сондай-ақ инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігіне қойылатын қолданыстағы талаптарға толық сәйкестік қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.