Өңір жаңалықтары
Еліміздің өңірлерінде инфрақұрылым жаңғыртылып, әлеуметтік сала дамып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда. Облыстарда жаңа инженерлік желілер пайдалануға беріледі, әлеуметтік нысандар ашылып, заманауи туристік инфрақұрылым құрылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Creative Aimaq жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының креаторлары 3,8 млн теңгенің өнімін сатты
25-26 шілде күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының креативті жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға өңірдің креативті индустриясының 50-ге жуық өкілі қатысты. Жәрмеңкеде дизайнерлік брендтер, қолөнер шеберлерінің туындылары мен заманауи шығармашылық жобалар ұсынылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Мемлекет басшысы XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Путин Омбы қаласында өтіп жатқан XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына қатысты. Биылғы басқосу «Жаһандық логистика экожүйесін қалыптастыру: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының жаңа көкжиегі» тақырыбына арналып отыр.
Қазақстандағы бұлақтар мен су айдындарының жағалауын тазартуға бағытталған «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясына 24 мыңға жуық адам қатысты
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясының екі кезеңі шеңберінде еліміздің барлық өңірінде бұлақтар мен су айдындарының жағалауларын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды
Алматы облысындағы Жетісу станциясы теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды. Жаңартылған нысан жолаушылар үшін кең, заманауи әрі жайлы болып, қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына толық сай келеді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Олжас Бектенов Маңғыстау облысының логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының өңірдің экономикалық әлеуетін нығайту және негізгі инфрақұрылымдық жобаларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Атап айтқанда, Премьер-министрі Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту және отандық өндірістік қуаттарды кеңейту бағытындағы жобалармен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Павлодар облысында Қарасор станциясының теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін ашылды
Павлодар облысында Қарасор станциясының теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жаңартылған нысан қауіпсіздік, жайлылық және қолжетімділік бойынша заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Бұл жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Үкімет Алакөл көлінде жағалауды қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлді
Мемлекет басшысының су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Жетісу облысы Алакөл көлі жағалауын қорғайтын бөгет салу жобасын жүзеге асыруға Үкімет резервінен 3 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Алматы – Бішкек автожолын кеңейту жобасы басталды
Алматы облысының Қарасай ауданында республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек автомобиль жолының 19–27 шақырым аралығын қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары басталды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік инфрақұрылымын дамыту және автомобиль жолдарының өткізу қабілетін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: еліміздің өңірлерінде жаңа зауыттар, логистикалық хабтар мен әлеуметтік нысандар іске қосылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өңірлерінде экономиканы әртараптандыру, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және импортты алмастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтқанда, жаңа өндіріс орындары, логистикалық және әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда егін орағы науқаны басталды
Қазіргі уақытта Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, Жетісу облысы мен Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері егін орағы науқанына кірісті. Жоғары қарқынмен басталған науқанның алдын ала мәліметтеріне қарағанда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда егіс алқаптарының өнімділігі едәуір артқаны байқалады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
ТКШ саласын жаңғырту, транзитті дамыту және ауылды қолдау: Үкімет Президент тапсырмаларын жүзеге асыруда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымдық дамуды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына заманауи технологиялар енгізуді басты басым бағыттардың бірі ретінде айқындады. Бүгінде Үкімет жекелеген нысандарды жөндеу тәжірибесінен бас тартып, желілер мен магистральдарды жүйелі түрде жаңартуға көшуде. Инфрақұрылымның негізгі салаларындағы жұмыс нәтижелері мен алдағы жоспарлар Primeminister.kz шолуында қамтылған.