Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
«Алматы – Қаскелең» автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі 15 шілде

«Алматы – Қаскелең» автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ауыл халқының 62,1%-ы спорт инфрақұрылымымен қамтылған 15 шілде

Ауыл халқының 62,1%-ы спорт инфрақұрылымымен қамтылған

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, спорт инфрақұрылымын дамыту және халықтың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Қазіргі таңда елімізде 26 518 спорт нысаны жұмыс істейді. Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 59,6%-ды құрайды. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 62,1%-ға жеткен. Бұл өңірлерде спорт нысандары желісінің тұрақты түрде кеңейіп келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында Халықаралық волонтерлер жылы аясында 1000-нан астам іс-шара өтті 15 шілде

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында Халықаралық волонтерлер жылы аясында 1000-нан астам іс-шара өтті

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ-ның тұрақты даму мақсатында жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы аясында бірқатар іс-шара өтіп жатыр. Атаулы жылдағы бастамалар Солтүстік Қазақстан облысында да кең қолдау тауып отыр. 2026 жылдың басынан бері өңірде волонтерлердің қатысуымен 1050-ден астам іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Үкімет экономика салаларындағы әлеуетті тиімді пайдалануға басымдық беріп отыр — Олжас Бектенов 14 шілде

Үкімет экономика салаларындағы әлеуетті тиімді пайдалануға басымдық беріп отыр — Олжас Бектенов

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2026 жылғы қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Жиында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, салалық министрліктердің басшылары мен өңір әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

233 мың талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды 13 шілде

233 мың талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды

233 мыңға жуық талапкер 2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Оның ішінде 73,1%-ға жуығы қазақ тілінде, 26,8%-ы орыс тілінде, 383 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.  Талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылды. Осылайша, 233 мың талапкер ҰБТ-ны 422 мың рет тапсырды (2025 жылы 210 мың талапкер ҰБТ-ны 381 мың рет тапсырды), деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Жетісу облысының тағы 9 елді мекені табиғи газға қосылды 13 шілде

Жетісу облысының тағы 9 елді мекені табиғи газға қосылды

Мемлекет басшысының елді газдандыру деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту жұмыстары жалғасуда. Бүгіннен бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тағы 9 елді мекенінің тұрғындары табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Олар: Байғазы, Тастыбастау, Алтынемел, Ақбастау, Доланалы, Жаңалық, Жайнақ батыр, Шаған және Тастыөзек ауылдары, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Үкімет Астананың инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға 16,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді 13 шілде

Үкімет Астананың инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға 16,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Мемлекет басшысының Астанадағы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет резервінен Астананың инженерлік және энергетикалық желілерін дамытуға қаржы бөлінді. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тиісті қаулыларға  қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Техникалық реттеу саласында мемлекеттік бақылау күшейтілді 10 шілде

Техникалық реттеу саласында мемлекеттік бақылау күшейтілді

Елімізде техникалық реттеудің басты міндеттері азаматтардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі мүмкін сапасыз өнімнен тұтынушыларды қорғау, сондай-ақ қазақстандық өндірушілердің бәсекелелік артықшылықтарын арттыру болып табылады. Ішкі нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру жөніндегі міндеттерді іске асыру өнімнің қауіпсіздік талаптарын техникалық регламенттерде белгілеу, өнім сапасына және сынақ әдістеріне қойылатын талаптарды стандарттарда бекіту, сондай-ақ зертханаларда тауарларды сынау және сертификаттау арқылы жүзеге асырылады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік бақылау жүргізіледі. ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Қасымов ОКҚ алаңында саладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайында баяндады.

Жамбыл облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды 9 шілде

Жамбыл облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында Жамбыл облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды. Өңір әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков өңірде кітап оқу мәдениетін дамыту және жобаны бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 1,7 млн гектар алқапқа өңдеу жүргізілді 9 шілде

Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 1,7 млн гектар алқапқа өңдеу жүргізілді

Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. 9-шілдедегі жағдай бойынша болжанған 2,2 млн гектар алқаптың 1,7 млн гектары немесе 76,2%-ы өңделді. Егіс алқаптарын қорғау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Барлық қажетті іс-шаралар уақтылы әрі толық көлемде орындалуда, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

ҚҚС-ты 70%-ға төмендету: Қазақстанда балық өңдеуді қолдау күшейтіліп жатыр 9 шілде

ҚҚС-ты 70%-ға төмендету: Қазақстанда балық өңдеуді қолдау күшейтіліп жатыр

2028 жылға қарай Қазақстан балық өсіру көлемін 2,5 есеге арттыруды, 800-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуды және жан басына шаққандағы балық тұтынуды екі еседен астамға (4-тен 9 кг-ға дейін) өсіруді жоспарлап отыр. Бұл үшін салаға инвестиция тартылып, мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов мәлімдеді.

Балық шаруашылығы саласында инвестициялар көлемі шамамен 60 млрд теңгені құрайтын 41 ірі жобадан тұратын пул жасақталды 9 шілде

Балық шаруашылығы саласында инвестициялар көлемі шамамен 60 млрд теңгені құрайтын 41 ірі жобадан тұратын пул жасақталды

Қазақстанда Каспий итбалығын сақтау мақсатында 2024 жылдың қазан айында «Каспий итбалығы» табиғи резерваты құрылды және бүгінге дейін оны кеңейту мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Каспий теңізінде сирек кездесетін бекіре тұқымдас балықтардың қорын толықтыру үшін Атырау бекіре балық өсіру зауытын «Жаңаталап» және «Еркінқала» учаскелерінде жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов ОКҚ алаңында хабарлады.