Өңір жаңалықтары
Елімізде 2030 жылға дейін балық өсіру көлемін 270 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарда бар
Балық шаруашылығы – экономикалық өсудің жоғары әлеуеті ретінде агроөнеркәсіптің маңызды салаларының бірі. 2020 жылға дейін балық шаруашылығының қарқынды дамуына тежеу болған кейбір қиындықтар болған. Оның ішінде құқықтық базаның жеткіліксіздігі, көлеңкелі айналым, инвестициялық қызығушылықтың төмендігі, мемлекеттік қолдаудың аздығы, жеңілдетілген несие берудің жоқтығы, балық ресурстарын жаңғырту кешендерінің ескіргендігі сынды мәселелер бар. Осыған байланысты, 2021 жылдың сәуір айында Үкімет 2030 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын қабылдады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы жылу магистралі құрылысына 650 млн теңгеге жуық қаржы бөлді
Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді. Жүйелі жаңғырту Мемлекет басшысының Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің энергетикалық және инфрақұрылымдық әлеуетін нығайту жөнінде берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Павлодар облысындағы ірі өнеркәсіп және энергетика жобаларымен танысты
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында Екібастұз қаласындағы бірқатар ірі өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорынды аралады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Маңғыстау облысында 6 мыңнан астам волонтер әлеуметтік және білім беру бағытындағы бастамаларға үлес қосып келеді
Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған БҰҰ-ның тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы аясындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл бастама елімізде волонтерлер қозғалысының дамуына тың серпін берді. 2026 жылдың басынан бері Маңғыстау облысында халыққа қолдау көрсетуге, қоғамдық белсенділікті арттыруға және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған 300-ден астам іс-шара өткізілді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Олжас Бектенов өңір әкімдеріне гидронысандарды жаңғырту жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су кеңесінің отырысы өтті. Онда су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің Президенттің су саласын жаңғырту, жаңа су қоймаларын салу, су үнемдеудің озық технологияларын пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі есептері тыңдалды. Сондай-ақ Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін енгізуге назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Түркістан облысында 3 жылда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды
Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың әл-ауқатын арттыру және ауыл кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы тұрақты жүзеге асырылып келеді. Жалпы 2023-2025 жылдары жобаны жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 30,2 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 2023 жылы 19,8 млрд теңге, 2024 жылы 3 млрд теңге және 2025 жылы 7,4 млрд теңге толық игерілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Биыл жер қойнауын пайдалануға 350 млрд теңге инвестиция тарту көзделген
Бүгінгі таңда елімізде көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша 317 келісімшарт жасалған. Үш батыс өңірінде барлық келісімшарттың 72%-ы шоғырланған. Мәселен, Атырауда 89, Маңғыстауда 72 және Ақтөбе облысында 66 келісімшарт жасалған. Қызылорда облысында 41 келісімшарт бар. Сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторында 5 келісімшарт қолданыста. Бұны ҚР энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Қарағанды облысында Valley жаңбырлатып суару машиналарының өндірісі жолға қойылады
Өңірде әлемге танымал америкалық Valley брендінің заманауи жаңбырлатып суару машиналарын өндіру жоспарлануда. Бұл жөніндегі келісімге «Имсталькон» зауыты мен Valley компаниясының өкілдері қол қойды. Жоба отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін озық ауыл шаруашылығы техникасымен, қосалқы бөлшектермен және жедел сервистік қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның биылғы алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы есепті тыңдады.
AI-Sana: қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі
AI-Sana бағдарламасын іске асырудың маңызды нәтижелерінің бірі – Қазақстан университеттерінде жасанды интеллект саласында жүздеген қолданбалы жобаның әзірленуі. Бағдарламаның алғашқы кезеңінде негізгі назар жасанды интеллект құзыреттерін қалыптастыруға және кадрлар даярлауға аударылса, бүгінде студенттер нақты салалық міндеттерді шешуге арналған өздерінің цифрлық шешімдерін әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
ШҚО-да ұлттық спорт ойындары басталды
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аясында ұлттық спорт ойындары басталды. Биылғы ауқымды шара фестиваль бағдарламасы мен облыстың ХХІV Халықтық спорт ойындарының ат спорты түрлері бойынша жарыстарын бір арнаға тоғыстырды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Түркістан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарындағы үш нысан реконструкциядан кейін пайдалануға берілді
2026 жылғы маусымда 2022-2023 жылдары басталған реконструкциясы аяқталған үш су шаруашылығы нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.