Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Қазақстандықтар Астана күнін атап өтуде 6 шілде

Қазақстандықтар Астана күнін атап өтуде

6 шілдеде Қазақстанда мемлекеттік мереке – Астана күні атап өтіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күнімен құттықтады 6 шілде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күнімен құттықтады

Павлодар облысында Ұлттық домбыра күніне орай 5 мыңға жуық оқушы Ахмет Жұбановтың «Би» күйін орындады 3 шілде

Павлодар облысында Ұлттық домбыра күніне орай 5 мыңға жуық оқушы Ахмет Жұбановтың «Би» күйін орындады

Павлодар облысында Ұлттық домбыра күніне орай ауқымды рухани-мәдени іс-шара өтті. Оның аясында өңірдің 5 мыңға жуық оқушысы көрнекті қазақ композиторы, ғалым, Қазақстандағы кәсіби музыкалық білім беру ісінің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Жұбановтың «Би» күйін бір мезетте орындап, ұлттық музыка өнеріне құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Қазақстанда кітап оқуға қызығушылық артып келеді 3 шілде

Қазақстанда кітап оқуға қызығушылық артып келеді

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі әдебиетке қызығушылық артып келеді. Кейінгі бір жылда көпшілік кітапханаларынан оқырмандарға 88,9 млн басылым берілсе, оның 53,4 миллионы немесе 60,1%-ы қазақ тіліндегі әдебиеттер болды. Бұл үрдіс кітапхана қорларының толығуынан да көрінеді. Бір жыл ішінде көпшілік кітапханаларына 906,5 мың жаңа басылым түсіп, соның 662,3 мыңын қазақ тіліндегі кітаптар құрады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

«Таза Қазақстан» Президент бастамасы Конституцияда белгіленген негізгі қағидат ретінде жүзеге асырылып жатыр — Олжас Бектенов 3 шілде

«Таза Қазақстан» Президент бастамасы Конституцияда белгіленген негізгі қағидат ретінде жүзеге асырылып жатыр — Олжас Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Жиында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қарағанды облысының ауданында кірпіш зауыты салынды 3 шілде

Қарағанды облысының ауданында кірпіш зауыты салынды

Осакаров ауданында кірпіш зауытының құрылысы аяқталды. Бұл – құны 1,8 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады 2 шілде

Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады

Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және экономиканың түрлі секторындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады 2 шілде

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

Түркістан облысында жалпы құны 534,2 млрд теңгені құрайтын заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салу бойынша үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар Қазақстанның маусымаралық кезеңдегі жаңа піскен көкөніске деген сұранысын толық қамтамасыз етпек, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды 2 шілде

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

Еліміздің біраз өңірлерінде жүргізілген ауқымды реконструкциядан кейін 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысандары пайдалануға берілді. Жұмыстар Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды 30 маусым

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасының ресми басталуына қатысты, сообщает Primeminister.kz.

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді 30 маусым

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

Жаз мезгілі дәстүрлі түрде бірқатар инфекциялық аурудың пайда болу қаупінің артуымен сипатталады. Осы кезеңде табиғи ошақты инфекциялардың аллын алу, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тағамнан уланудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізіп, профилактикалық іс-шараларды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі кене энцефалитінен қорғану шаралары туралы айтты 30 маусым

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі кене энцефалитінен қорғану шаралары туралы айтты

Көктемнің ерте келуі және қолайлы ауа райы жағдайлары Қазақстанда кенелердің белсенділігінің артуына әкелді. Маусым басталғалы бері кене шағуына байланысты 13 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 45%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Сонымен қатар кене энцефалитінің 24 жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.