Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Жамбыл облысында Оң жағалау магистральдық каналының суару және дренаж жүйелерін реконструкциялау аяқталды 30 маусым

Жамбыл облысында Оң жағалау магистральдық каналының суару және дренаж жүйелерін реконструкциялау аяқталды

Жамбыл облысының Шу ауданындағы Оң жағалау магистральдық каналының суару және дренаж жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарын толық аяқтады. Қазіргі таңда нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды 30 маусым

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

2026 жылғы 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ 340 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 73%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 27%-ы орыс тілінде және 522 рет ағылшын тілінде тапсырды. Жетінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 66 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды 30 маусым

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында: Аманқарағай, Құсмұрын, Ганюшкино, Аққыстау және Семиглавый Мар теміржол вокзалдарының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында орындалды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

e-Qazyna порталының арқасында мемлекеттік бюджет едәуір үнемделді 29 маусым

e-Qazyna порталының арқасында мемлекеттік бюджет едәуір үнемделді

2025 жыл қорытындысы бойынша e-Qazyna порталында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сомасы 76 млрд теңгеге 785 білім беру объектілері цифрландырылды және қаржыландырылды. 84 млрд теңге болған бастапқы жоспарда бюджет үнемдеуі 8 млрд теңгені құрады, бұл көлеңкелі аймақтар мен қолмен есептеуді алып тастаудың арқасында мүмкін болды. 2026 жылғы қаңтар-мамыр кезеңінде оператор сомасы 100,7 млрд теңгеге 749 білім беру объектілерінің актілерін төлеп, 59,3 млрд теңге үнемдеді. Бұл жайлы ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Қонаев қаласында заманауи Кардиологиялық орталық ашылды 29 маусым

Қонаев қаласында заманауи Кардиологиялық орталық ашылды

Қонаев қаласында Алматы облысының тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін заманауи Кардиологиялық орталық өз жұмысын бастады. Жаңа медициналық мекеме өңірдегі жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен емдеудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 1,5 млн гектар алқап өңделді 29 маусым

Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 1,5 млн гектар алқап өңделді

Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. 29 маусымдағы жағдай бойынша болжанған 2,1 млн гектардың 1,5 млн гектары немесе 70%-ы өңделді. Егіс алқаптарын қорғау жұмыстары уақтылы әрі толық көлемде жоспарға сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Павлодар облысындағы негізгі су шаруашылығы жобаларының іске асырылу барысымен танысты 29 маусым

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Павлодар облысындағы негізгі су шаруашылығы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан негізгі су шаруашылығы жобаларының орындалу барысын тексерді. Атап айтқанда, Қаныш Сәтбаев атындағы каналдағы сорғы агрегаттарын жаңғырту және №87 бөгетті реконструкциялау жұмыстарының, сондай-ақ «Ертіс-Успенка» каналын реконструкциялау жобасы қалай жүзеге асырылып жатқанын көрді, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Қызылорда облысында жаңғыртылған теміржол вокзалдарының ашылуы жалғасуда 29 маусым

Қызылорда облысында жаңғыртылған теміржол вокзалдарының ашылуы жалғасуда

Қызылорда облысында теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жолаушылар үшін Қазалы теміржол вокзалы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Мемлекет басшысы «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында сөз сөйледі 26 маусым

Мемлекет басшысы «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Щучинск қаласында өтіп жатқан «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты.

Ақмола облысында жасымық өңдеу цехы салынуда 25 маусым

Ақмола облысында жасымық өңдеу цехы салынуда

Өңірде жасымықты өңдеуге арналған заманауи цех салу жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жоба агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеу саласын дамытуға, қосылған құны жоғары өнім өндіру көлемін арттыруға және өңірдің экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.

Павлодарда өткен Жобалық кеңсенің көшпелі отырысында жылу беру маусымына дайындық пен Ұлттық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды 25 маусым

Павлодарда өткен Жобалық кеңсенің көшпелі отырысында жылу беру маусымына дайындық пен Ұлттық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Павлодарда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының Жобалық кеңсесінің көшпелі отырысын өткізді. Қатысушылар өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының іске асырылу барысын, жергілікті атқарушы органдардың қатысу рейтингтерін, сондай-ақ бұрын берілген тапсырмалардың орындалуын талқылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысында инфрақұрылымдық және әлеуметтік бірқатар жобаның жүзеге асырылу барысын тексерді 24 маусым

Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысында инфрақұрылымдық және әлеуметтік бірқатар жобаның жүзеге асырылу барысын тексерді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары 95%-ға орындалды. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңірге жұмыс сапары аясында құрылыс алаңында болып, жұмыс барысын қадағалады, деп хабарлайды Primeminister.kz.