Өңір жаңалықтары
ҚР Су ресурстары министрлігі тасқынды болжау үшін ЖИ мен ғарыштық мониторингті енгізуде
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру және су тасқынын болжау үшін заманауи цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Қазір қар жамылғысын бақылау және су тасқынының алдын алу саласындағы халықаралық тәжірибе зерделеніп жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында вице-министр Аслан Абдраимов мәлімдеді.
Ақтөбе облысында қайтарылған жерлерді қайта игеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Өңірде Мемлекет басшысының жер ресурстарын тиімді пайдалану, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта айналымға енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен 3 жылда облыста 1 млн 256 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.
ҚР ТЖМ жасанды интеллект негізіндегі камераларды, бейнебақылау жүйелерін және дрондарды пайдалану көлемін ұлғайтуда
Шомылу маусымында ТЖМ жазатайым оқиғалардың алдын алу және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында заманауи цифрлық технологияларды белсенді түрде қолдануда. Оқиғаларға жедел әрекет ету, адамдарды құтқару және қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактілерін анықтау үшін Астана, Алматы қалаларында және еліміздің бірқатар өңірлерінде жағалау аумақтары 296 бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Бұл жүйелерден алынған бейнежазбалар ТЖД аумақтық бөлімшелері мен жедел-құтқару жасақтарының кезекші бөлімдеріне тікелей жеткізіледі, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан Ақтау портының әлеуетін арттыруда
Ақтау теңіз портында кеме қатынасының қауіпсіздігін арттыруға және Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған Ақтау порты акваториясын тереңдету жобасын іске асыру жалғасуда. Бүгінгі таңда жобаны іске асыру үшін қажетті геодезиялық зерттеу жұмыстарын және алынған деректерді өңдеу аяқталды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Олжас Бектенов Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен АӨК, өнеркәсіп, цифрландыру және автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Қытайдағы «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының 17-ші жыл сайынғы кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов өнеркәсіп пен цифрландыру саласында жетекші орындарға ие қытайлық ірі компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді. Олардың ішінде, Yulin Irrigation бас директоры Ци Юбо, Xiamen Wanli Stone директорлар кеңесінің төрағасы Ху Цзиньпэй, SuperX AI Technology Limited директорлар кеңесінің төрағасы әрі CEO Хуан Чэньхун, Jinyi Holding Group директорлар кеңесінің төрағасы Цзинь Пэн, Guangzhou Automobile Group директорлар кеңесінің төрағасы Фэн Синья, CATL компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Цэн Юйцюн, CISDI Engineering вице-президенті Юн Лю бар, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Мерейлі отбасы – 2026»: байқауға еліміздің барлық өңірінен 3611 өтінім келіп түсті
«Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау аяқталды. Биыл байқауға еліміздің барлық өңірінен 3611 өтінім келіп түсті. Бұл отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған бастамалардың қоғам тарапынан кең қолдау тауып отырғанын көрсетеді. Оның ішінде 2024 отбасы өз еркімен қатысуға өтінім берсе, 1583 отбасы жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың бастамасымен байқауға қосылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
«Таза Қазақстан»: Саран жастары су қоймасының жағалауын тазартты
Саран қаласының жүзге жуық жасы, еріктілер мен «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары бөгет маңындағы су қоймасының аумағында экологиялық сенбілік өткізді. Олар жағалау бойын қоқыстан тазартып, тұрғындардың демалыс аймағын ретке келтірді, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
Қазақстандағы автомобиль жолдары жобаларын жаңғырту: цифрлар мен деректер
2026–2028 жылдарға арналған автомобиль жолдары саласын дамытудың үш жылдық жоспары аясында Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісін ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы республикалық маңызы бар автожолдардың шамамен 8,9 мың шақырымы жол жұмыстарымен қамтылды, бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Брюссельде Қазақстанның жасанды интеллект, ғылым және цифрлық инфрақұрылымын дамыту бойынша келісімдер пакетіне қол қойылды
Мемлекет басшысының Бельгия Корольдігіне мемлекеттік сапары аясында жасанды интеллектіні, ғылымды, цифрлық инфрақұрылымды және ғарыштық технологияларды дамытуға бағытталған бірқатар стратегиялық келісімге қол қойылды. Қол жеткізілген уағдаластықтар инвестиция тарту, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру, озық технологияларды енгізу және Қазақстанның Еуразиядағы жетекші технологиялық орталықтардың бірі ретіндегі ұстанымын нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
32 су шаруашылығы нысанында шағын ГЭС салу жоспарланып отыр
«Қазсушар» РМК-ның су шаруашылығы нысандарында шағын гидроэнергетиканың әлеуетін арттыру жөніндегі бекітілген Жол картасы аясында кәсіпорын шағын ГЭС салуға арналған 32 нысанды іріктеп алды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Аралық қорытындылар: 292 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды
2026 жылғы 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ 292 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 72%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 469 рет ағылшын тілінде тапсырды. Алтыншы аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Жетісу облысында алғашқы жаңғыртылған теміржол вокзалы ашылды
Талдықорған қаласында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан ел бойынша 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жаңартылған Жетісу облысындағы алғашқы нысан, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.