Өңір жаңалықтары
Абай облысындағы жаңа ет комбинаты аты аңызға айналған Семей бұқтырылған ет шығаратын Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын болады
Абай облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «Eurasia Agro Semey» ЖШС ет өңдеу кешені құрылысының барысымен танысты. Кәсіпорынды биыл іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ақтөбе облысында 17 шақырым жылу желісі мен 300 шақырым электр желісі жаңғыртылуда
Ақтөбе облысындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 416 шақырымды құрайды, олардың орташа тозу деңгейі – 39,3%, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын су тасқынынан қорғайтын Есіл контрреттегішінің құрылысы келесі жылы басталады
Былтыр қазан айында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға бағытталған жоба мемлекеттік сараптамадан өткен болатын. Контрреттегіштің жалпы сыйымдылығы - 873,41 млн текше метр. Бөгеттің ұзындығы - 3443 метр. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Қарағанды облысында интернетке қолжетімділік кеңейіп келеді
Қарағанды облысында мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсартуға бағытталған бірнеше ірі жоба қатар жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – сапалы интернет пен мобильді байланысты тек қалаларда ғана емес, ауылдық елді мекендерде, сондай-ақ автожолдар мен туристік аймақтарда да қолжетімді ету, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды
Швеция Корольдігінің Гётеборг қаласында 10-шы Еуропалық физика олимпиадасы (European Physics Olympiad, EuPhO 2026) өз мәресіне жетті. Беделді халықаралық білім додасына әлемнің 41 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 3 күміс және 1 қола медаль иеленді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Жаңа цифрлық қабылдау жүйесі арқылы бірінші сыныпқа 100 мыңнан астам өтініш берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында, сондай-ақ Цифрландыру және жасанды интеллект жылы шеңберінде бірінші сыныпқа өтініш қабылдау мемлекеттік қызметі OQU білім беру платформасына (oqu.edu.kz) көшірілді, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады
Президентке Қытай Халық Республикасында ұйымдастырылған Alatau City Roadshow қорытындысы туралы мәлімет берілді.
Қазақстанның темір жолдарына жасанды интеллект және Smart Rail жүйесі енгізіледі
Мемлекет басшысының еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан халықаралық көлік дәліздерінің қуатын белсенді түрде арттыруда. Бүгінде біздің еліміз құрлықтағы жүктердің 80%-ының Қытайдан Еуропаға өтуін қамтамасыз етеді. Үкіметтің ресми Telegram-каналының мәліметінше, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында көлік дәліздерін дамыту, кен орындарына жаңа жолдар мен терминалдар салу жоспарлары туралы баяндады.
Қазақстанда тәулігіне 1 миллион жұмыртқаны терең өңдейтін кәсіпорын салынады
Ақмола облысында тауық жұмыртқасын терең өңдеуге арналған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. «Kaz Eggs» серіктестігі бастамасымен жүзеге асырлатын болашақ өндірістік кешеннің қуаттылығы тәулігіне 1 миллион жұмыртқа деп есептелуде, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстандық ғалымдар тозған жайылымдарды қалпына келтіру технологиясын патенттеді
Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының ғалымдары «Батыс Қазақстанның шөлейт аймағындағы жайылымдарды жақсарту тәсілі» атты пайдалы әдіске патент алды. Бұл әзірлеме тозған жерлерді қалпына келтіруге, мал азықтық алқаптардың өнімділігін арттыруға және қуаң климат жағдайында мал шаруашылығының жемшөп базасын нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қолжетімді орта: Қазақстанда 30,5 мыңнан астам нысан бейімделді
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету және кедергісіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қазіргі уақытта бұл бағытта 2025-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының инклюзивті саясат тұжырымдамасы, 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы және «Халықпен бірге» жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Аралық қорытындылар: 236 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды
2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ 236 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 72%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 408 рет ағылшын тілінде тапсырды. Бесінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.