Өңір жаңалықтары
Ақтөбеде қоғамдық кеңістіктер көбеюде
Ақтөбе қаласында тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасауға бағытталған қоғамдық кеңістіктер саны артып келеді. Қаланы абаттандыру жұмыстары мемлекеттік-жекеменшік серіктестік пен демеушілердің қолдауы арқасында қарқынды жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.
Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Ақмола облысы креаторларының жәрмеңкесі ашылды
Астанадағы Креативті индустрияларды дамыту қорының алаңында Ақмола облысы креаторларының жәрмеңкесі өз жұмысын бастады. Жәрмеңке аясында елорда тұрғындары мен қонақтары өңір шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдармен, авторлық топтамалармен және жергілікті брендтердің өнімдерімен таныса алады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысында 120 әскери міндетті ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы мамандығын меңгереді
Бірегей оқу-жаттығу жиыны 14157 әскери бөлім базасында өтіп жатыр. Онда әскери міндеттілер далалық жағдайда дрон операторы кәсібін игереді. Жиындар тарихында алғаш рет резервтегілер дәстүрлі әскери даярлықтың негізгі курсын меңгерумен қатар, дрондарды басқаруды да үйренеді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады.
Талдықорғанда 8 км жылу желілерін жаңғырту тозу деңгейін 61%-дан 38%-ға дейін төмендетеді
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Талдықорған қаласында жылумен жабдықтау нысандарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.2026–2029 жылдарға арналған коммуналдық және энергетикалық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында облыс орталығында инженерлік инфрақұрылымның тозуын төмендетуге және тұтынушыларды жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған магистральдық жылу желілерін қайта жаңғырту көзделген, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.
Business.enbek.kz порталында 24 маусымнан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттардың бірінші легіне өтінім қабылдау басталады
Халықтың әлеуметтік осал санаттары арасында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім қабылдау жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады
Мемлекет басшысы ведомствоның 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен биыл бес айдағы нәтижелері туралы есебін тыңдады.
Тәртіп сақшылары: Павлодардың атты полициясы қалай жұмыс істейді
Павлодар қалалық патрульдік полиция батальонының қызметінде 15 ат бар, олар қала маңының оңтүстік бөлігінде күнделікті патрульдеуге қатысады. Кавалериялық взводтың автокөлік немесе жаяу патрульдерден басты артықшылығы – оның ұтқырлығында. Тәртіп сақшылары атқа мініп, қызметтік көлікпен өту мүмкін емес ең қиын жерлерге де бара алады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мамандары атты взводтың жұмысын өз көзімен көріп, күнделікті патрульдеудің қалай өтетінін білу үшін патрульдік полициямен бірге рейдке шықты.
Су айдындарында қосымша 200 жылжымалы құтқару бекеті салынды
Еліміздің су айдындарындағы тәуекелдердің алдын алу және профилактика мәселелері ТЖМ-нің ерекше бақылауында. Мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтың жаппай демалу орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су айдындарында жаппай демалуға арналған 733 рұқсат етілген орын айқындалды. Оның ішінде 257 коммуналдық және 433 жекеменшік жағажай, спорт пен туризмге арналған 19 орын, сондай-ақ өзге мақсаттағы 24 орын бар. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Әсет Жылқайдаров ОКҚ алаңында хабарлады.
Қазақстандық мамандардың жаңа әзірлемесі орман өрттерімен күрестің тиімділігін арттырады
2023 жылы Абай облысында болған ірі орман өртінен кейін орман шаруашылығының мамандары өртті сөндіру жұмыстарының неліктен қажетті деңгейде жедел жүргізілмегенін жан-жақты талдады. Талдау нәтижесінде орман өрттерін жедел сөндіруге арналған заманауи әрі маневрлі өрт сөндіру машинасының макетін әзірлеу туралы шешім қабылданды. Осылайша, жаңа техниканың прототипі жасалып, кейін ол Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында және Абай облысында сынақтан өткізілді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ақтауда құны 800 млрд теңгеден асатын аммиак-карбамид зауыты салынады
Үкімет Қазақстанда карбамид өндіретін алғашқы зауыт салу туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстан мен Нидерланды 160 млн еуро көлеміндегі бірлескен жобаларды іске асыруға келісті
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Нидерланд Корольдігіне жұмыс сапары аясында Қазақстан–Нидерланд бизнес-форумы өтті. Форум қорытындысы бойынша келісімдерге қол қойылып, жалпы сомасы 160 млн еуроны құрайтын бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.