Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Инвестициялар, инфрақұрылым және туристік жаңа бағыттар: Қазақстан Президент айқындаған міндеттер аясында туризмді дамытып келеді 10 маусым

Инвестициялар, инфрақұрылым және туристік жаңа бағыттар: Қазақстан Президент айқындаған міндеттер аясында туризмді дамытып келеді

Туризм – Қазақстан экономикасының өсімін қамтамасыз ететін әрі еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыратын маңызды салалардың бірі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында туристік нысандардың сапасын одан әрі арттырудың, келешегі зор бағыттардың әлеуетін ашудың және туристік инфрақұрылымды кешенді дамытуды жергілікті атқарушы органдар қызметінің тұрақты басымдықтарының бірі ретінде орнықтырудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар орталық деңгейде халықаралық туристер тартуға және салалық заңнаманы жетілдіруге ерекше назар аударылуы тиіс, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Үкіметте Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астанаға дейін су құбырын салу мәселелері талқыланды 9 маусым

Үкіметте Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астанаға дейін су құбырын салу мәселелері талқыланды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттік органдардың, елорда әкімдігінің және «Elorda Aqua» ШЖҚ-дағы МКК өкілдерінің қатысуымен Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін №4 сорғы-сүзу стансасының құрылысымен су құбырын салу жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады 9 маусым

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

Президентке Абай облысының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы төрт айдағы көрсеткіштері туралы есеп берілді.

Бапкер қазақстандық спортшылардың эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионатына дайындық туралы айтты 9 маусым

Бапкер қазақстандық спортшылардың эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионатына дайындық туралы айтты

13-14 маусым аралығында Астанада эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем кубогының III кезеңі мен Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет спорттың бұл түрінен құрлықтық біріншілікті қабылдағалы отыр. ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Астананың эстетикалық топтық гимнастикадан аға бапкері Зарина Давлетярова мәлімдегендей, командалардың турнирлерге дайындығы қаңтар айында басталған: спортшылар жарыс бағдарламаларын жаңартып, Әлем кубогының кезеңдерін қоса алғанда, халықаралық старттарға қатысып үлгерген.

Президенттің туристік саланы дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте жазғы туристік маусымға дайындық мәселелері қаралды 9 маусым

Президенттің туристік саланы дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте жазғы туристік маусымға дайындық мәселелері қаралды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту мәселелері қаралды. Жиында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, экология және табиғи ресурстар министрі Нысанбаев, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, сондай-ақ «Kazakh Tourism Development» АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев және Қарағанды, Ақмола, Маңғыстау, Жетісу облыстарының әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Болашақ ойындары» Астанада өтеді 9 маусым

«Болашақ ойындары» Астанада өтеді

Осы жылдың маңызды оқиғаларының бірі Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында «Болашақ ойындары» халықаралық турнирін өткізу болмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.

Қазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді 9 маусым

Қазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді

Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы жаңа буындағы биологиялық препараттың далалық сынақтары сәтті аяқталды. Зерттеу нәтижелері энтомопатогенді Metarhizium anisopliae саңырауқұлағы негізінде әзірленген экологиялық қауіпсіз препараттың жоғары тиімді екенін көрсетті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Президент тапсырмасы аясында қайта өңдеу саласын дамыту: Астанада заманауи сүт өңдеу зауыты іске қосылады 8 маусым

Президент тапсырмасы аясында қайта өңдеу саласын дамыту: Астанада заманауи сүт өңдеу зауыты іске қосылады

Астанада «RnR Group» ЖШС өндірістік алаңында сүт өңдеу зауытын іске қосуға дайындық жұмыстары аяқталуда. Кәсіпорын елордалық нарық үшін сүт, айран, қаймақ, йогурт және басқа да сүт өнімдерін өндіруге бағытталған. Жоба Үкімет пен елорда әкімдігінің Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайта өңдеу қуаттарын арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықтағы отандық өнім үлесін көбейту жөніндегі кешенді жұмысының жалғасы болып саналады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр 8 маусым

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысының Сайрам ауданында ірі қара малды бордақылауға арналған және жоғары технологиялық мал сою алаңымен жабдықталатын ірі инвестициялық жобаны іске асыру басталды. Инвестицияның жалпы көлемі 3,5 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды 8 маусым

Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды

Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде 2026 жылғы егіс науқаны аяқталды. Көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық өңірінде белгіленген агротехникалық мерзімде жүргізілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Премьер-министр көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және АӨК-ті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 5 маусым

Премьер-министр көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және АӨК-ті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жыл басынан бері Каспий теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілді 5 маусым

Жыл басынан бері Каспий теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілді

Соңғы 2,5 жылда Каспий теңізіне 35 млрд текше метрден астам су жіберілген. Оның ішінде шамамен жартысы – 17 млрд текше метрден астам су 2024 жылы тіркелген ауқымды су тасқыны кезеңіне тиесілі. Ал 2026 жылдың басынан бері Каспий теңізіне 6,16 млрд текше метр су бағытталды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.