Өңір жаңалықтары
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық челлендждер өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ұлытау облысының бірқатар өңірлерінде жастардың қатысуымен тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Жамбыл облысында құны 1,8 млрд теңге болатын цифрлық сүт-тауарлы фермасы іске қосылды
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі «AzNur Agro»-ның заманауи сүт-тауарлы фермасы пайдалануға берілді. Жобаның жүзеге асырылуы өңірдегі сүтті мал шаруашылығын дамыту және елдің азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру бағытындағы маңызды қадам деуге болады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Үш жылдың ішінде Қазақстанда 800-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынды
Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымын жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2023–2025 жылдар аралығында елімізде 813 денсаулық сақтау нысаны, оның 655-і ауылдық жерлердегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету нысаны салынды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Елімізде заңсыз қоқыс полигондарының саны тұрақты түрде азайып келеді
Заңсыз қоқыс полигондары ірі қалалар мен ауылдық қауымдастықтар үшін ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі болып қала береді. Олардың пайда болуы кейбір жергілікті билік органдарының тарапынан жеткіліксіз бақылауға, қалдықтарды басқарудағы бұзушылықтарға және халық арасында экологиялық сауаттылықтың төмен деңгейіне байланысты. ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қостанай облысындағы ірі жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі индустриалды және аграрлық сектордың даму қарқынын, ірі өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысын тексерді. Сапар барысында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талданып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 700 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделді
Қазақстанда үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау науқаны жалғасуда. Бүгінгі таңда қорғаныс шаралары еліміздің 13 өңірінде жүргізіліп жатыр. Өңірлер қажетті техникамен, химиялық препараттармен және өзге де материалдық-техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Түркістан облысында агродрондар өндірісі іске қосылды
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыратын зауыт өз жұмысын бастады. Бұл жоба арқылы жылына 500 дана техника өндіруге болады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
77 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқудан өтті
Жыл басынан бері Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстарды аяқтағаны туралы сертификатты 77,4 мың азамат алды. Платформа жұмыс істей бастағалы бері онда 1,3 млн пайдаланушы тіркелген, оның ішінде 109,4 мыңы – биыл тіркелгендер. Ал берілген сертификаттардың жалпы саны 1 млн 268 мыңға жетті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Балқаш ауруханасында ауқымды жаңғырту аяқталды
Қарағанды облысында Балқаш көпсалалы ауруханасын ауқымды жаңғырту аяқталды. Барлық жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайтарылған активтер есебінен жүргізілді. Балқаш, Приозерск, Саяқ, Шет және Ақтоғай аудандарының тұрғындарына қызмет көрсететін медициналық мекеме пациенттерді диагностикалау және емдеу үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қазақстанда 20,9 млн гектар егіс алқабы себілді
Өңірлерде көктемгі дала жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы дақылдары 20,9 млн гектар алқапқа егілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.