Өңір жаңалықтары
Қазақстанға түрді қалпына келтіру жөніндегі халықаралық жоба аясында Кертағының (Пржевальский жылқысы) кезекті тобы жеткізілді
Эколог күні қарсаңында, 2026 жылғы 1 маусымда Қазақстанға Чехия Республикасынан кертағының (Пржевальский жылқыларының) кезекті тобы жеткізілді. Бұл – әлемде сақталған жалғыз жабайы жылқы түрінің популяциясын қалпына келтіруге бағытталған халықаралық жоба аясында әкелінген жануарлардың кезекті легі, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытудың барысымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласын дамыту жоспарымен танысудан басталды.
Поляк әуе компаниясы Алматыға рейстерді іске қосады
ҚР Көлік министрлігі халықаралық ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Осы жұмыс шеңберінде 2026 жылғы 1 маусымнан бастап «LOT Polish Airlines» поляк әуе компаниясы Варшава – Алматы бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін Boeing 737 MAX үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 4 рет жиілікпен (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері) орындауды бастады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Үкімет өндірістегі еңбекті қорғау жүйесін нығайтуда
Мемлекет басшысының еңбекті қорғау жүйесін нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде өндірісте зиянды және қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін 479 мың қызметкерді қамтитын шаралар кешені жүзеге асырылуда. Үкімет отырысында ағымдағы нәтижелер мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Алматыда балаларға көмек көрсетуге арналған үш құзыреттілік орталығы ашылды
Алматыда бірден үш құзыреттілік орталығы ашылды. Бұл орталықтар кішкентай пациенттердің қажетті медициналық көмекті жедел алуына, ал дәрігерлердің ауруларды тиімдірек диагностикалап, емдеуіне мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Аралық қорытындылар: 139 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды
2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ 139 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 71%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 29%-ы орыс тілінде және 259 рет ағылшын тілінде тапсырды. Үшінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 65 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Қазақстанда көмірден газ, дизель отыны және кокс өндірілмек
ҚР Энергетика министрлігі көмір химиясын дамыту бағытын көмір өнеркәсібін жаңғыртудың және шикізатты терең өңдеу арқылы жоғары қосылған құны бар өндірістер қалыптастырудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде қарастырады. Бүгінде көмір химиясы саласында үш ірі жоба жүзеге асуда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан облысында стратегиялық коммуналдық нысандар жаңғыртылуда
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы (ЭКСЖ) шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстан университеттері білім беру, медицина және бизнеске арналған жеке AI-өнімдерін әзірлеуде
Қазақстандық жоғары оқу орындары жасанды интеллектіге оқытудан өздерінің жеке AI-шешімдерін әзірлеуге көшуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова мәлімдеді.
Қазақстан білім беруді цифрлық трансформациялау көшбасшыларының бірі ретінде танылды
2025 жылдан бастап жасанды интеллектіні қолдану дағдылары қазақстандық ЖОО-ның барлық білім беру бағдарламасыына интеграцияланды. Бүгінде 95 университет оқу жоспарларына AI-пәндерін енгізді, 30 ЖОО жасанды интеллект саласында 42 білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда, ал профессор-оқытушылар құрамының 54%-ы ЖИ-мен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгерді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова мәлімдеді.
Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысын бастап берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин онлайн-форматта «Қазақстан – Сириус» халықаралық білім беру инфрақұрылымының капсуласын салу рәсіміне қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге екі елдің бірқатар сауда-экономикалық жобалары таныстырылды
Қазақстан мен Ресей президенттеріне өнеркәсіп кооперациясы саласындағы бірлескен жобалар көрсетілді.