Өңір жаңалықтары
29 қазан«Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысушылар оқыған шығармалары туралы 40 мыңнан астам бейнепікір жариялады
«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысушылар оқыған кітаптары туралы 40 мыңнан астам бейнепікірді тексеруге жолдады. Бұл ретте Астана қаласының, Жамбыл және Қызылорда облыстарының тұрғындары белсенділік танытты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
28 қазанЖетісу облысында республикалық волонтерлер слеті өтті
Жетісу облысында «ZHETISU VOLUNTEER: Бірлік. Ізгілік. Әрекет.» республикалық волонтерлер слеті өтті. Іс-шара БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
28 қазанСоңғы үш жылда 138 гидротехникалық нысанға көпфакторлы тексеру жүргізді
Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, республикалық меншіктегі 168 гидротехникалық нысанға көпфакторлы тексеру жүргізу көзделген, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
27 қазан«Мансап компасы» – мамандық таңдауға және кәсіби жолды жоспарлауға көмектесетін платформа
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға «Мансап компасы» цифрлық платформасының мүмкіндіктерін еске салады. Бұл платформа оқушыларға, олардың ата-аналарына және ересек азаматтарға кәсіп таңдауға, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды білуге және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысуға көмектеседі.
27 қазанӨңірлерде жаңа кәсіпорындар, инфрақұрылым және әлеуметтік сала нысандары ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Республика күні қарсаңында жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары, білім беру орталықтары, ТКШ және әлеуметтік сала нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
27 қазанҚазақстанда қалдықтарды қайта өңдеуді дамытуға 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34 жобаны қаржыландыруға кәдеге жарату төлемдері есебінен 122,6 млрд теңге бөлді. Жобалар жаңа қайта өңдеу өндірістерін салуды, сұрыптау кешендерін құруды және арнайы техника сатып алуды көздейді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
27 қазанҚостанайда көпфункционалды стадион ашылды
Республика күні Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябағында көпфункционалды стадион ашылды, деп хабарлайды Қостанай облысының әкімдігі.
26 қазанАлатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды
23 қазанНұрлыбек Нәлібаев Астананың медициналық инфрақұрылымын дамыту жобаларымен танысты
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Астанадағы медициналық нысандардың құрылыс барысымен танысты. Мемлекет басшысы елордадағы демографияны ескеріп, оның қарқынына ілесу үшін медицина инфрақұрылымын дамытуды, медициналық қызметті сапалы, қолжетімді етуді тапсырған болатын, деп хабарлайды Primeminister.kz.
23 қазанҚайта жаңғыртудан кейін Маңғыстау станциясының теміржол вокзалы ашылды
Маңғыстау облысында 1969 жылы салынған Маңғыстау станциясының қайта жаңғыртылған теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
23 қазан«Қазақстан халқына» Теміртауда балабақша салып жатыр
Теміртаудың 4А шағынауданында бүлдіршіндер робототехниканы меңгеріп, сазбалшықтан бұйым жасап, Монтессори әдістемесі бойынша білім алатын жаңа балабақша бой көтеріп жатыр. Мұнда даму ерекшеліктері бар балалардың қатарластарымен бірге білім алып, ойнауына жағдай жасалады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобаның аясында 320 орындық нысанның таныстырылымы Республика күні қарсаңында металлургтер қаласында өтті, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
23 қазан«Күміс жас» жобасының арқасында 50 жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты
Қазақстанда 50 жастан асқан азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін «Күміс жас» жобасы жалғасып жатыр. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында жоба аясында 10,3 мың адам жұмысқа орналасқан.