Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Қазақстанда егіс алқаптарының 77%-ы егілді 28 мамыр

Қазақстанда егіс алқаптарының 77%-ы егілді

Өңірлерде көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы дақылдары 16,3 млн гектар алқапқа егілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ақтөбе облысында «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автомобиль жолы учаскесін реконструкциялау жобасы ресми түрде басталды 28 мамыр

Ақтөбе облысында «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автомобиль жолы учаскесін реконструкциялау жобасы ресми түрде басталды

Мемлекет басшысының елдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ақтөбеде KAZ06 «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автомобиль жолы учаскесін реконструкциялау жұмыстарының басталуына арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.

Арқалық қаласының жылу және электр желілерін жаңғыртуға Үкімет резервінен 5,8 млрд теңге бөлінді 28 мамыр

Арқалық қаласының жылу және электр желілерін жаңғыртуға Үкімет резервінен 5,8 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының жылу маусымын тұрақты әрі үздіксіз өткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қостанай облысының Арқалық қаласындағы жылу магистралін реконструкциялау және электр желілерін жаңарту жобаларын аяқтауға 5,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жамбыл облысында күкірт қышқылы зауыты іске қосылды 26 мамыр

Жамбыл облысында күкірт қышқылы зауыты іске қосылды

Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіруге жетеді. Бұл өнім ауыл шаруашылығы, энергетика, металлургия, машина жасау және басқа да салаларда кеңінен қолданылады. Зауыттың ашылуы нәтижесінде 330 жаңа жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады 25 мамыр

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы мәлімет берілді.

Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясының құрылысы жүріп жатыр 25 мамыр

Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясының құрылысы жүріп жатыр

Түркістан облысында 300 МВт қуатты фотоэлектрлік-энергия сақтау (ФЭС және ЭСЖ) жобасының алғашқы партиясының қадалы іргетасын құю салтанатты рәсімі өтті. Бұл оқиға жобаның негізгі құрылыс кезеңіне толықтай көшкенін айқындады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Қазақстанда шегірткеге қарсы 480 мың гектарға жуық жер өңделді 25 мамыр

Қазақстанда шегірткеге қарсы 480 мың гектарға жуық жер өңделді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау бағытындағы жоспарлы жұмыстарды жалғастыруда. Бүгінгі таңда үйірлі шегіртке түрлеріне қарсы химиялық өңдеу 480 мың гектар аумақта жүргізілді. Қорғаныс шаралары 12 өңірде арнайы жерүсті техникасын, ұшқышсыз ұшу аппараттарын және авиацияны пайдалану арқылы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Жасыл ел» ауқымын кеңейтуде: Қарағанды облысындағы жоба енді жыл бойы жұмыс істейді 25 мамыр

«Жасыл ел» ауқымын кеңейтуде: Қарағанды облысындағы жоба енді жыл бойы жұмыс істейді

Биыл Қарағанды облысында бес мыңнан астам жас «Жасыл ел» еңбек жасақтарына жұмысқа орналаса алады. Алғаш рет жоба жыл бойғы форматқа көшіп отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыруға дайындық барысын тексерді 25 мамыр

Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыруға дайындық барысын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының ағымдағы жағдайы жөнінде кеңес өткізді. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында және Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында қойған міндеттерін орындау мақсатында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Үкімет Алматы облысында жалпы құны 32,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт құрылысының жобасын мақұлдады 25 мамыр

Үкімет Алматы облысында жалпы құны 32,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт құрылысының жобасын мақұлдады

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Аталған жұмыс аясында ҚР Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Steppe pharmaceuticals» ЖШС арасында жасалған Алматы облысындағы «Алатау» АЭА аумағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

ШҚО-да «Ұлан» көлік-логистикалық кешені пайда болады 22 мамыр

ШҚО-да «Ұлан» көлік-логистикалық кешені пайда болады

Шығыс Қазақстан облысында «Ұлан» көлік-логистикалық кешені жобасы іске асырыла басталды. Бұл өңірдегі ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Жаңа нысан аймақ экономикасын дамытудың маңызды бөлігіне айналып, Шығыс Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін күшейтіп, ірі индустриялық жобалар үшін заманауи логистикалық база қалыптастырады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Жыл басынан бері тұтынушылардың құқықтары қорғалып, 405 млн теңге қайтарылды 22 мамыр

Жыл басынан бері тұтынушылардың құқықтары қорғалып, 405 млн теңге қайтарылды

2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша ҚР СИМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мен аумақтық департаменттер 22 мыңнан астам өтінішті қарады. Келіп түскен өтініштердің нәтижелері бойынша тұтынушылардың 7,3 мың өтініші немесе 32,6% талаптары қанағаттандырылды, 7,2 мың өтініш немесе 32% бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсетіліп, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР СИМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Танабергенов хабарлады.