Өңір жаңалықтары
Ақтөбеде музыкалық-драма театрының құрылысына 8 млрд теңге бағытталды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтанов атындағы драма театры үшін жаңа ғимарат салу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Үкімет резервінен 8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің қаңтар-сәуір айларындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері және алдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспары баяндалды.
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады
Президентке өңірдің былтырғы және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы ҚР мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент, ең алдымен, салтанатты іс-шараға қатысушыларды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады.
Фермерлермен су беру жөнінде 25 мыңнан астам электрондық шарт жасалды
Алқаптарды суару процесін жетілдіру үшін саланы цифрландыруға басымдық беріліп отыр. Мәселен, Ислам даму банкінің қарызы есебінен еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі жалпы ұзындығы шамамен мың шақырымды және суармалы аумағы 65 мың га болатын 103 ирригациялық каналды автоматтандыру басталды. Бұдан бөлек, 2026–2028 жылдарға арналған жоспарларға сәйкес бұрын реконструкциядан өткен тағы 270 канал (1184 км) автоматтандырылуда. Сондай-ақ бүгінде ирригациялық каналдарды реконструкциялау бойынша 264 жобаға ЖСҚ әзірленуде, олардың аясында автоматтандыру және заманауи су есептеу жүйелерін енгізу шешімдері қарастырылған. Бұл жайында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында мәлімдеді.
Су тапшылығы тәуекелдерді азайту мақсатында 1840 км ирригациялық канал тазартылды
Ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын жедел енгізуге қол жеткізу мақсатында инвестициялық шығындарды өтеу және суару суының құнын субсидиялау үшін 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттегі қаржыландыру алдыңғы үшжылдық кезеңмен салыстырғанда төрт есеге ұлғайтылып, 228,1 млрд теңгені құрады. Оның 89% -ы еліміздің оңтүстігіндегі 5 облысқа тиесілі. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Алдағы вегетациялық маусымға арналған су беру кестелері бекітілді
Еліміздің ішкі су қоймаларын жинақтау бойынша ағымдағы жағдай жалпы алғанда тұрақты. 18 мамырдағы жағдай бойынша оңтүстік өңірлердің су қоймаларында 26,2 млрд текше метр су жинақталған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млрд текше метрге артық. Ағымдағы вегетациялық кезеңдегі су ресурстары бойынша болжамды жағдайды ескере отырып, ел бойынша 1,2 млн га суармалы жерді суару үшін шамамен 11 текше км су алу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында хабарлады.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері суару маусымына дайындық туралы айтты
2026 жылғы вегетацияаралық кезеңде және көктемгі су тасқыны барысында Су ресурстары және ирригация министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су ресурстарын реттеу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде ағымдағы жылғы су тасқыны кезеңі штаттық режимде өтті, елдегі су қоймалары жоспарлы деңгейге дейін толтырылды, гидротехникалық құрылыстарда төтенше жағдайларға жол берілген жоқ. Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.
Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы демалыс базалары жоғары жылдамдықты интернетке қосылды
Ақмола облысындағы Бурабай курортында 25 қоқыс жәшігі, 12 жаңа санитарлық-гигиеналық торап және 23 қосымша контейнерлік алаң орнату жоспарланған. Сонымен қатар «Променад» саябағы, 8 бақылау алаңы, «Ақ бура» курорттық аймағынан ұлттық паркке дейінгі веложол (10 шақырым) салынды. Бурабай кентінің орталық алаңына және ең көп баратын «Бөлектау тауы» туристік соқпағына реконструкция жүргізілді. Бұл жайлы ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Нұрбол Байжанов ОКҚ баспасөз конференциясында айтты.
Алакөлдің жағалауын нығайту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді
Жазғы туристік маусым қарсаңында Абай облысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді құтқару станциясының құрылысы аяқталды. Алакөл көлінің жағалауы 800 метрден 1800-метрге дейін созылады. Оған қоса, сумен жабдықтау, кәріз, электр желілерін жүргізу және жағалауды нығайту мәселелері қолға алынды. Оған тиісті жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Бұны ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Байжанов Нұрбол ОКҚ алаңында хабарлады.
Былтыр елге 11,1 млн шетелдік турист келді
2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласының негізгі көрсеткіштерінің өсуі байқалды. Қонақ үйлерге орналастырылған ішкі туристер саны 8,6 млн адамды құрады (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 700 мың адамға артық). Қонақ үй қызметтерін пайдаланған шетелдік туристер саны 1,4 млн адамға жетті (130 мың адамға өсті). Жалпы, әртүрлі туристік мақсаттармен елімізге 15,7 млн шетелдік азамат келді (2024 жылы – 15,3 млн адам). Бұл көрсеткішке жұмыс істеуге немесе тұрақты тұруға келген азаматтар кірмейді. Олардың ішінде 11,1 млн адам шетелдік туристер ретінде жіктеледі. ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Байжанов Нұрбол ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осындай мәліметтермен бөлісті.