Өңір жаңалықтары
Үкімет Степногорск және Көкшетау қалаларының жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді
Мемлекет басшысының жылу-энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Ақмола облысының екі қаласы – Степногорск пен Көкшетаудағы инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын төмендету үшін 3,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Alatau City-де eVTOL аэротаксиінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті
Қазақстан өңірде қалалық әуе мобильділігің толыққанды экожүйесін, яғни аэротаксиді, жеткізуші дрондарды және цифрлық навигацияны ұсынған алғашқы ел болды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Әмбебап бөлімшелер төтенше жағдайларда жедел көмектің тиімділігін арттырды
Екінші жыл қатарынан өрт сөндіру, құтқару және медициналық қызметтерді біріктіретін әмбебап бөлімшелерді құру жобасын жүзеге асыруда. Осы уақыт аралығында әмбебап бөлімшелер шамамен 200 шақыртуға шығып, 170-тен астам зардап шеккен адамға көмек көрсетті. Бұл көрсеткіштер медициналық бөлімшелер жұмысының жоғары қарқынын және олардың төтенше жағдайларға ден қою жүйесіне қосып отырған елеулі үлесін айғақтайды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы өтеді
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы өтеді. Бұл – мәдениет саласына инновациялар, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізуге арналған ауқымды алаң. Үш күн бойы қатысушыларға пленарлық отырыстар, панельдік сессиялар, білім беру блоктары және практикалық интенсивтер өткізіледі. Форумға еліміздің 20 өңірінен 600 мәдениет қызметкері қатысады деп күтілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында форум режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Карлыгаш Ажиева мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Astana LRT жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты
Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары жаңа орталықтың қазығын қағып, іргетасын қалады.
«Anti-froud» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 827 киберқылмыс анықталды
Биыл 1 ақпан – 30 сәуір аралығында республика аумағында «Anti-froud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде 827 киберқылмыс анықталды, оның 585 қылмыстық ісі бойынша тергеу аяқталды. Алаяқтық жолмен ұрланған ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды. Топтың 5 қылмыстық іске қатыстылығы дәлелденді, келтірілген шығыны - 20 млн теңге. Бұл туралы ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты.
Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның арнаулы мекемесі саналатын Дүниежүзілік метеорология ұйымы климат, ауа райы, су ресурстары және табиғи апаттардың қатерін азайту бағытындағы жаһандық ынтымақтастықты ілгерілетуде негізгі рөл атқаратынын атап өтті.
Астанада түркітілдес елдердің жас инженерлері қатысқан робототехника чемпионаты өтті
V халықаралық Robotek Grand Tournament Astana 2026 робототехника чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионат алғаш рет Президенттің «TurkTime!» бастамасы аясында ұйымдастырылып, түркітілдес елдердің жас инженерлерін біріктірді. Оған Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан командалары қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Қазақстан Үкіметі Қарағанды облысында құны 42,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт салу жобасын мақұлдады
Мемлекет басшысының импортты алмастыру және отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде ҚР Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС арасындағы өндірістік қуаттарды салу және жаңғырту жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумына қатысты
Мемлекет басшысы бұл форумның екі ел үшін тиімді әрі мазмұнды болғанын атап өтіп, алқалы жиынды ұйымдастыруға атсалысқан Түркия тарапына алғыс айтты.