Өңір жаңалықтары
Қазақстан мен Түркия басшыларына инвестициялық жобалар таныстырылды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға екі ел бірлесе іске асырып жатқан бірқатар инвестициялық жоба туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Түркия Қазақстан үшін бауырлас ел, маңызды әрі сенімді серіктес саналатынын атап өтіп, тамыры терең байланыстар қос халықтың мызғымас достығын одан әрі нығайтуға ықпал етіп отырғанын айтты.
Елімізде фитосанитариялық мониторингтің геоақпараттық жүйесі жаңартылды
Ауыл шаруашылығы министрлігі цифрландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Қазір фитосанитариялық мониторингтің геоақпараттық жүйесі жаңартылды. Енді мамандар зиянкестердің таралу ошақтарының цифрлық полигондарын белгілеу мүмкіндігіне ие болды. ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Қазақстанда 2,2 млн га аумақта шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жүргізу жоспарда бар
Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарын уақытылы әрі сапалы ұйымдастыру еліміздің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда. Соңғы жылдардағы динамикаға сәйкес, 2022 жылдан бастап шегірткелер санының өсуі байқалып, 2024 жылы шарықтау кезеңі болды – шамамен 3,1 млн га жер өңделді. 2025 жылдан бастап төмендеу үрдісі байқалуда. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Ақтөбе – Ұлғайсын автожолындағы қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда
Қазақстанда стратегиялық маңызы бар және Ақтөбе облысының аумағы арқылы өтетін Ақтөбе – Ұлғайсын көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайды және ол 7 дербес учаскеге бөлінген, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту жалғасуда
Қарағанды облысында тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Балқашта ауданаралық медициналық хаб құрылуда. Медициналық нысандарды жаңғыртуға қаражат активтерді қайтару аясында арнайы мемлекеттік қордан бөлінді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Астанада ТМҰ елдерінің бизнес-форумы ашылды
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «ТМҰ елдерінің экономикалық интеграциясы және кооперациясы: өнеркәсіптегі, АӨК-тегі, логистика мен цифрландырудағы жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес-форумның ашылуына қатысты. Форум Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің мемлекеттік органдарының, қаржы институттарының, сауда-өнеркәсіп палаталарының, халықаралық ұйымдардың, бизнестің өкілдерін біріктірді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыру және жоғары қайта бөлу кластерлерін құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Энергетика министрлігі мен «Kazakhstan Success Coking Energy» ЖШС арасындағы Қарағанды облысында металлургиялық кокс өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялық келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу жөніндегі орталықтың кезекті отырысын өткізді. Онда өңірлерде тиісті Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысы, волонтерлік қозғалысты қолдау жөніндегі шаралар, сондай-ақ экологиялық туризмді дамыту жайы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстандық оқушылар Грекияда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жүлдегер атанды
Түркістан облысы Қазығұрт ауылының Qazygurt командасы Грекияда өткен Open International Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында жүлделі орынға ие болды. Жарысқа 56 елдің жас инженерлері қатысты. Қазақстандық оқушылар АҚШ, Жапония, Бразилия, Германия, Қытай, Испания және Түркия қатысушыларымен бәсекеге түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша олар Champions Award номинациясында екінші орын иеленді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Абай облысының кентінде экологиялық акция өтті
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Семей қаласындағы Водный кентінде «Таза қала – таза орта» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Тазалық шарасына облыстық қоғамдық келісім орталығы – Достық үйінің қызметкерлері, Ассамблея жастары және қаланың 50-ге жуық белсенді жасы қатысты. Қатысушылар кент аумағын қоқыстан тазартып, қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстарына белсенді атсалысты, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
Батыс Қазақстан облысында жел электр станциясының құрылысы басталады
Батыс Қазақстан облысында алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысының жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.