Өңір жаңалықтары
Жетісуда екі жылда 13 елді мекен газдандырылады
Жетісу облысында газ және энергетика инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. 2026 жылы 4 газдандыру жобасы іске асырылады. Нәтижесінде 4 ауылдық елді мекендегі қосымша 10 мың адам табиғи газға қол жеткізіп, газдандыру деңгейі 68,6%-ға жетеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында үздіктер қатарына енді
Қазақстан құрамасы әлемдегі ең беделді зияткерлік алаңдардың бірі Balkan Mathematical Olympiad 2026 жарысында үздіктер қатарынан көрінді. 3-8 мамыр күндері Грекияның Салоники қаласында өткен Балқан математикалық олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алып, 24 елдің ішінде жалпы командалық есепте 6-орынға ие болды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды
Ақмола облысында 1700-ден астам тұрғын медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін электрондық кезек қызметін пайдаланды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді жетілдіру аясында офлайн мүгедектікті белгілеу кезінде электрондық кезек енгізу жөніндегі пилоттық жобаның алғашқы нәтижелерін жариялады. Жоба Ақмола облысында 2025 жылғы 20 қарашадан бастап іске қосылғалы бері жаңа цифрлық қызметті 1700-ден астам азамат сәтті пайдаланған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік рекордты жаңартып, жеңіс тұғырына көтерілген спортшы асқан шеберлік танытқанын атап өтті.
2031 жылға дейін Абай облысында 90 ауыл шаруашылығы жобасы жүзеге асырылады
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында Абай облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған ауқымды стратегия жүзеге асырылуда. Негізгі бағыттар ретінде ет өндірісін дамыту, құс шаруашылығын өркендету, сүт фермаларын салу, сондай-ақ суармалы жерлерді тиімді пайдалану белгіленген, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Таза Қазақстан: Астанада Нұра-Есіл бойы қоқыстан тазартылды
Астанада «Жасыл Ел» жобасы жастарының қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Нұра-Есіл каналының жағалауында ауқымды экоакция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетикалық жүйенің сенімділігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Абай облысындағы жылу желілерін жөндеуге резервтен шамамен 2,5 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты
Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы мергендер клубының базасында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды. «Скит» дисциплинасында финалда сәтті өнер көрсеткен Әсем Орынбай қарсыластарын басып озып, чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Алдағы жылыту маусымына дайындық үшін Үкімет резервінен 25 млрд теңге бөлу мақұлданды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткен жылыту маусымының қорытындысы мен алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жетісу өңіріндегі жылу желілерін жөндеуге Үкімет резервінен 5,7 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты сенімді жылумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Жетісу облысыныі орталығы Талдықорған қаласында жылумен қамту нысандарын салу жобаларына шамамен 5,7 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.