Өңір жаңалықтары
Алматыда GITEX AI Kazakhstan 2026 халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады
Алматыда Орталық Азиядағы жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ең ірі оқиға GITEX AI Kazakhstan 2026 форумы өз жұмысын бастады. «Атакент» ҚСО алаңы мемлекет өкілдерін, халықаралық IT-компанияларды, стартаптар мен инвестициялық қоғамдастықты біріктіріп, цифрлық экономиканың болашағын талқылау және жаңа серіктестіктерді іс жүзінде іске қосу үшін кеңістік қалыптастыруда, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу желілері мен ЖЭО жабдықтарын жөндеуге резервтен шамамен 1,8 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Орталық Қазақстанда 500 мегаваттық жел электр станциясының құрылысы басталды
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр станциясының (ЖЭС) құрылысына ресми түрде старт берілді. Жобаны China Energy International Group компаниясы Самұрық-Энергомен бірлесіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы үкіметаралық келісім аясында іске асырады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және тұрақты генетикалық қорын қалыптастыру ісінде халықаралық федерациямен ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы әрі Орталық Азиядағы жүгеріні терең өңдеп, жоғары қосылған құны бар өнім шығаратын ең ірі кешен болмақ, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Өрт қаупі бар кезеңде Қазақстан ормандарында қосымша 300-ден астам бекет қойылады
Қазақстанда 2026 жылдың өрт қаупі бар маусымына дайындық аясында орман өрттерінің алдын алу шаралары күшейтілді. Еліміздің орман иеленушілері 9,5 мың шақырым минералды жолақтар мен өртке қарсы үзілістер құруды, ұзындығы 303 мың шақырым болатын қолданыстағы жолақтарды күтіп ұстауды қарастырды. Өрт қаупі бар кезең басталғанға дейін орман қорының жиегі бойынша 14 мың шақырым учаскеде бақыланатын өртеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Мақсат Елемесов мәлімдеді.
Өрт қаупі бар кезеңде 26 әуе кемесі жұмылдырылады – Экология министрлігі
Биыл ормандарды авиациялық қорғаумен қамтылған аумақ 9,6 млн гектарға дейін ұлғайтылды. Қосымша Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ елорданың жасыл белдеуі аумағында үш авиациялық патрульдеу нүктесі өрістетілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мақсат Елемесов мәлімдеді.
Қазақстанда өрт жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр
Елімізде табиғи өрттердің алдын алу және халықты қорғау бойынша белсенді жұмыс өрт қауіпті кезеңге дейін басталып кетті. Ол үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Экология министрлігі, әкімдіктер және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп кешенді шаралар қабылдады. Бұрынғыдай, өрттің алдын алуға және оны ерте анықтауға басты назар аударылды. Республикалық жедел штаб жұмысын бастады. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Қазақстанның орман қызметтері жоғары дайындық режиміне көшірілді
Орман және дала өрттерін уақытылы анықтау әрі жедел сөндіру мақсатында табиғатты қорғау және орман мекемелері жоғары дайындық жағдайына келтірілді. Жұмылдырылған күштердің қатарында мемлекеттік орман күзетінің 7 мыңнан астам маманы бар. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша 4,2 мың қызметкер және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы 3,4 мың қызметкер бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а Мақсат Елемесов мәлімдеді.
Жамбыл облысында жылына 60 млн инкубациялық жұмыртқа өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды
Жамбыл облысында асыл тұқымды құс шаруашылығына бағытталған ІІ санаттағы өндіріс орнының іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылында жүзеге асатын кәсіпорынның жалпы құны – 3,5 млрд теңге. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады: алғашқы кезеңде жылына 10 млн инкубациялық жұмыртқа өндіру жоспарланса, екінші кезеңде өндіріс қуаттылығы 60 млн данаға дейін ұлғайтылмақ, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Жамбыл облысында ауыл тұрғындары «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында бұлақ көздерін ашты
Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Жетібай ауылының тұрғындары «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатысты. Ауыл тұрғындары жақын маңдағы бұлақ көздерінің аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Қазақстанда алма бақтарының «қоры» жаңғыртылмақ
Қазақстанға Нидерландтан 7 мыңнан астам алма тамырсабағы (телітуші) жеткізілді. Көшет шаруашылығы дамыған елден әкелінген бұл отырғызу материалы вирустардан таза көшет жүйесін қалыптастыруға негіз болады. Ол өнімділікті арттырып, жеміс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.