Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Талдықорғанда 62 мың тұрғынға қызмет көрсететін жаңа емхана ашылды 23 қазан

Талдықорғанда 62 мың тұрғынға қызмет көрсететін жаңа емхана ашылды

Республика күні қарсаңында Жетісу облысының Талдықорған қаласында жаңа қалалық емхана ашылды. Бір ауысымда 500 адамды қабылдауға арналған медициналық мекеме 62 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетіп, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ашылу салтанатына Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қатысты.

2026 жылдың 9 айында Қазақстанның су саласына 192,6 млрд теңге инвестиция тартылды 23 қазан

2026 жылдың 9 айында Қазақстанның су саласына 192,6 млрд теңге инвестиция тартылды

2026 жылдың 9 айында Қазақстанның су саласының негізгі капиталына 192,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Осылайша, 2023 жылғы қыркүйекте Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері саланың негізгі капиталына салынған инвестициялардың жалпы көлемі 970,8 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды 23 қазан

Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Доспановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді 23 қазан

Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Доспановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Қазақстанда жылыту маусымына дайындық аясында 377 км жылу желісі жөнделді 23 қазан

Қазақстанда жылыту маусымына дайындық аясында 377 км жылу желісі жөнделді

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде жылыту маусымының барысына қатысты мәселелер бойынша Республикалық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады 22 қазан

Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико Мадрид» футбол клубымен табысты ынтымақтастықты жоғары бағалап, Мигель Анхель Хиль Мариннің Қазақстанға сапары серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Шикізаттан индустрияға: Қазақстан терең өңдеу саласын ауқымды жаңғыртуға кірісті 21 қазан

Шикізаттан индустрияға: Қазақстан терең өңдеу саласын ауқымды жаңғыртуға кірісті

Құны 4 млрд доллар болатын алты инвестициялық жоба, жаңа өндірістік қуаттар және 3,6 млрд долларлық өңделген өнім экспорты. Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа моделін қалыптастырып келеді. Бұл модельде экономикалық өсімнің басты көзі шикізат емес, қосылған құны жоғары өнім өндіру болмақ, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қазақстанда алма өндірісі артып, әйгілі «Апорт» сортын қайта түлету жұмыстары жалғасуда 21 қазан

Қазақстанда алма өндірісі артып, әйгілі «Апорт» сортын қайта түлету жұмыстары жалғасуда

Қазақстанда отандық бағбандықты дамыту, жеміс-жидек өнімдерін өндіру көлемін арттыру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Бұл ретте алма бақтарының аумағын ұлғайтуға, өнімді сақтау мен өңдеу инфрақұрылымын жетілдіруге, сондай-ақ қазақ бағбандығының мақтанышына айналған әйгілі «Апорт» алмасын қайта түлетуге басымдық берілуде, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Шығыс Қазақстан облысында медициналық және жол-көлік нысандарының құрылысына 105,7 млрд теңге бөлінді 21 қазан

Шығыс Қазақстан облысында медициналық және жол-көлік нысандарының құрылысына 105,7 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтайдың бірінші сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды басымдықпен дамыту бойынша шаралар қабылдап жатыр. Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында Ана мен бала орталығының перзентхана ғимаратын реконструкциялау, көпбейінді аурухана салу, Ертіс өзеніндегі көпірден Серікбаев көшесіне өтетін жолды ашу, сондай-ақ Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысындағы жол айрығын қайта жаңғырту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсаттарға 105,7 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қазақстанда интернет-алаяқтық 21%-ға азайды 21 қазан

Қазақстанда интернет-алаяқтық 21%-ға азайды

Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастырушылық-практикалық және алдын алу шараларының арқасында негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды. Мәселен, жыл басынан тіркелген интернет-алаяқтықтардың саны 19 мыңнан 15 мыңға дейін, яғни 21%-ға азайды. Қылмыстарды ашу былтырмен салыстырғанда 29%-ға өсті.  Ашылмаған қылмыстық істердің саны 12%-ға  қысқарды. Байланыс операторларымен бірлесіп алаяқтардың телекоммуникациялық инфрақұрылымды пайдалану мүмкіндіктеріне жүйелі түрде тосқауыл қойылуда. Бұны ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады 20 қазан

Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның индустриалдық әлеуетін дамытуға China Nonferrous Metal Mining тобының атсалысуын жоғары бағалады. Компания халықаралық тау-кен және металл өндірісінде мол тәжірибе жинақтаған.

Мемлекет басшысы телекөпір режимінде Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты 20 қазан

Мемлекет басшысы телекөпір режимінде Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты

Президент салтанатты рәсімде сөз сөйлеп, Абай облысындағы Ақтоғай кен орнында салынатын мыс балқыту зауытын тұтас ел экономикасының өркендеуіне тың серпін беретін аса маңызды жобаның бірі деп атады.