Өңір жаңалықтары
Қазақстанда 60 мыңнан астам адам экологиялық волонтерлікке жұмылдырылған
Қазақстанда экологиялық волонтерлік қарқынды дамып келеді. 2024 жылы бұл бағыттағы жұмыстарға 40 мыңнан астам адам қатысса, 2025 жылы олардың саны 60 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қызылорда облысындағы әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалардың құрылыс барысын тексерді
Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңірдегі стратегиялық маңызы зор жол инфрақұрылымы жобаларымен және әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қызылорда облысының Шалқия ауылында алғашқы үй шаруашылықтары жылдамдығы жоғары интернетке қосылды
Қызылорда облысының Шалқия ауылында алғашқы абоненттер жылдамдығы 100 Мбит/с құрайтын жоғары жылдамдықты интернетке қосылды. Шалқия ауылы – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасы шеңберінде интернет желісіне қосылған алғашқы елді мекен, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстанда «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысып жатыр
Астанада «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының барысына арналған кеңес өтті. Жиында марафонның аралық нәтижелері мен кітап оқуды кеңінен насихаттау бойынша алдағы шаралар талқыланды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қарағанды облысының креативті жәрмеңкесіне 4 500 адам барып, 10 млн теңгенің өнімі сатылды
17-18 қазанда Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Қарағанды облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті. Іс-шара Креативті индустрияларды дамыту қорының Creative Aimaq жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік саланы дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен аптада жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары мен энергетика нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қостанай облысында алты су қоймасы реконструкцияланады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Қарабалық ауданының тұрғындарымен кездесіп, министрліктің өңірдегі су саласын дамыту бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Көктемгі су тасқынына дайындық аясында алты гидротехникалық нысанды реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қарасу ауданында ұзындығы 14,2 шақырым болатын су бұру каналының құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жетісу облысындағы 5 ауыл табиғи газға қосылды
Панфилов ауданындағы Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ ауылдарын газдандыру жұмыстары аяқталып, табиғи газды бастапқы қосу рәсімі жүзеге асырылды. Нәтижесінде 302 үйді газбен жабдықтауға мүмкіндік жасалды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қазақстандықтарға скринингтер мен екпелер туралы 1414 арқылы хабарланады
Қазақстанда скринингтерден уақтылы өтуге, вакцинациялау туралы мәліметтерді тексеруге және көрсетілген медициналық қызметтерді растауға арналған жаңа цифрлық сервистер енгізілуде. 19 қазаннан бастап скринингтер туралы SMS-хабарламалар жіберу пилоттық жобасы іске қосылады, ал ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап еліміздің барлық өңірінде жүргізілген екпелер туралы хабарламалар жіберу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
Ақтөбе облысында 1945 жылы салынған Қарауылкелді теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысанды жөндеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Astana Media Week 2026 аясында мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды
Astana Media Week 2026 медиа апталығы аясында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды.
Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды
Астанада Қазақстанның көлік апталығы аясында көлік-логистика саласының әлеуетін ашу мәселелері талқыланды. Онда теміржол, автомобиль, теңіз және авиациялық көлікті дамытуға, цифрлық шешімдерді енгізуге, халықаралық жүк тасымалдарының тиімділігін арттыруға және салалық кадрларды даярлауға назар аударылды. Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік маршруттарында және Транскаспий халықаралық көлік бағытында мемлекеттердің өзара іс-қимылын нығайту шаралары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.