Өңір жаңалықтары
Алматыда заман талабына сай білім беру орталығы салынады
Президент тапсырмасына сәйкес елімізде оқушыларға арналған жаңа жоба қолға алынды. Алматы қаласында заманауи үлгідегі «Үркер» білім беру орталығы салынады. Жобаның негізгі мақсаты – еліміздің дарынды оқушылары мен жастарға тең мүмкіндік беріп, олардың ғылым, өнер, технология және кәсіпкерлік салаларындағы әлеуетін дамыту арқылы Қазақстанның интеллектуалдық, мәдени және инновациялық өркендеуіне үлес қосатын жаңа көшбасшылар буынын қалыптастыру. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Жамбыл облысында Ұлттық стандарттарға сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету желісінің алғашқы нысаны іске қосылды
Жамбыл облысының Меркі ауданында KeruenInn заманауи қонақ үй кешені іске қосылды. Жоба Үкіметтің Инвестициялық штабының көмегімен жүзеге асырылған. Президенттің тапсырмасына сәйкес штабқа инвесторлардың мәселесін жедел шешу және әкімшілік кедергілерді жою бойынша өкілеттіктерге берілген болатын. 2025 жылдың басынан бері онда 18 отырыс өткізіліп, жалпы сомасы $70 млрд болатын 65 инвестициялық жоба қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Көкшетау қаласындағы Шахмат үйін аралап көрді.
Мемлекет басшысы Digital Aqmola орталығында болды
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Digital Aqmola орталығында Ақмола облысын цифрлық жаңғырту жоспары баяндалды.
Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас жоспар аясында жылу электр орталығы, облыстық көпбейінді аурухана, Азаматтық қорғаныс академиясы және көпфункционалды спорт кешені салынып жатқаны жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, алпысқа жуық өнеркәсіп кәсіпорнына есептелген индустриялық аймақтың негізі қалануда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді
Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді. Іс-шараға Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының диқандары бейнебайланыс режимінде қатысты.
Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары «Зеренді сақтау өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен танысудан басталды.
Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды
Қарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық пункт ашылды
Қарағанды облысы Шет ауданы Еңбекшіл ауылында жаңа медициналық пункт жұмысын бастады. Әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен салынды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент тапсырмасы бойынша 5,6 млрд теңге көлеміндегі қайтарылған активтер қаржысы Абай облысында медициналық нысандардың құрылысына жұмсалуда
Қазақстанда заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысына денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыруға 5,6 млрд теңге бөлінді. Қаражат өңірдегі инфрақұрылымды жақсартуға және медицина сапасын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Астанада экологиялық айлық 13 қыркүйектен басталады
«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты кең көлемді экологиялық акция аясында елордада 13 қыркүйектен 11 қазанға дейін дәстүрлі «Таза Қазақстан: Таза Астана» экологиялық айлығы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті
Қазақстандық педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту бағдарламасы жалғасуда. Жаңа оқу жылында 200 мыңнан астам мұғалім жасанды интеллектіні білім беру процесінде тиімді пайдалану бойынша курстан өтіп, оның 140 мыңға жуығы куәлік алды. Әсіресе, Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облысының педагогтері белсенділік танытты. Қатысушылардың басым бөлігі – бастауыш пәні мұғалімдері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.