Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
14 қазан

Ақтөбе облысында 5000 көрерменге арналған әмбебап спорт кешенінің құрылысы басталды

Кешен қаланың қалыптасып келе жатқан «Алтын Орда» әлеуметтік-іскерлік орталығында салынып жатыр. Жаңа арена ірі жарыстар, жаттығулар мен бұқаралық іс-шараларды өткізуге жол ашады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

14 қазан

Тоғыз айда Enbek.kz сайтында 1 миллионнан астам бос жұмыс орны жарияланды

2026 жылдың тоғыз айында жұмыс берушілер Enbek.kz электронды еңбек биржасына 1 миллионнан астам бос жұмыс орнын жариялаған. Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға көп. Былтырғы тоғыз айда 978 мың бос жұмыс орны тіркелген болатын. Жалпы, платформада ай сайын орта есеппен 120 мыңға жуық жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

14 қазан

Қарағанды облысының 55-тен астам шебері Астанадағы шығармашылық жәрмеңкеге қатысады

Қарағанды облысынан 55-тен астам қолөнерші, дизайнер мен суретші Астанада өтетін CREATIVE AIMAQ шығармашылық жәрмеңкесінде өз туындыларын ұсынады. Іс-шара 17–18 қазанда QazaqCreative Hub алаңында өтеді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

13 қазан

Қазақстанда электр энергиясын өндіру тоғыз айда 91,7 млрд кВт/сағатқа дейін өсті

Электр энергиясы тапшылығын төмендету үшін биыл шамамен 2,4 ГВт дәстүрлі энергетикалық қуат көздерін пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

13 қазан

Атырау зауыты 1 000-шы жартылай вагонды жасап шығарды

Атыраудағы вагон жасау зауытында мыңыншы жартылай вагон жасап шығарылды. Айтулы оқиға Машина жасаушылар күніне орайластырылып, вагон өндірістік цехтан салтанатты түрде шығарылды, деп хабарлайды Атырау облысының әкімдігі.

13 қазан

Алматы облысында жалпы ұзындығы 68,5 шақырым болатын ирригация жүйелерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Балтабай суару алқабындағы ирригация жүйелерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

13 қазан

Қазақстанда 17 мың шақырым электр желілерін жаңғырту толық аяқталды

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде электр желілеріне күрделі жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстардың көлемі орындалды. Биыл 17,1 мың шақырым электр беру желісі, 444 қосалқы станция және 3,4 мыңнан астам тарату және трансформаторлық пункт жөнделді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Астанада Қазақстан ұлттық командасын V Азия Пара ойындарына шығарып салу рәсімі өтті 12 қазан

Астанада Қазақстан ұлттық командасын V Азия Пара ойындарына шығарып салу рәсімі өтті

Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Қазақстанның ұлттық командасын V Азия Пара ойындары – Аичи-Нагоя 2026 жарыстарына шығарып салуға арналған салтанатты рәсім өтті. Байрақты бәсеке 18–24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

12 қазан

Ақтөбе облысының креаторлары Астанадағы жәрмеңкеде 24 млн теңгеге жуық өнімді сатты

Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған «Aqtobe Creative Days» екі күндік жәрмеңкесі аяқталды. Ақтөбе облысынан келген креативті индустрияның 100-ге жуық өкілі 22 бағыт бойынша өз жобаларын ұсынды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Жаңа өндіріс орындары, жолдар мен тұрғын үйлер: бір аптада Қазақстан өңірлерінде қандай нысандар ашылды 12 қазан

Жаңа өндіріс орындары, жолдар мен тұрғын үйлер: бір аптада Қазақстан өңірлерінде қандай нысандар ашылды

Еліміздің өңірлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіпті дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмаларын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Өткен аптада бірнеше облыста жаңа өндіріс орындары іске қосылып, республикалық маңызы бар автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары аяқталды, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Сонымен қатар спорт инфрақұрылымы кеңейтіліп, қоғамдық орындар абаттандырылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды 8 қазан

Бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды

Биыл бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды. Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан тағы 1,3 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Түркістанда «кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жаңа әдеби алаң өз жұмысын бастады 8 қазан

Түркістанда «кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жаңа әдеби алаң өз жұмысын бастады

Түркістанда кітапты бірге оқып, бірге талқылауға арналған жаңа әдеби алаң өз жұмысын бастады. Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Бірге оқимыз, бірге ойлаймыз!» атты әдеби кездесу өтті. Алғашқы кездесу – қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» романына арналды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.