Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Жаңа өндіріс орындары, жолдар мен тұрғын үйлер: бір аптада Қазақстан өңірлерінде қандай нысандар ашылды 12 қазан

Жаңа өндіріс орындары, жолдар мен тұрғын үйлер: бір аптада Қазақстан өңірлерінде қандай нысандар ашылды

Еліміздің өңірлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіпті дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмаларын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Өткен аптада бірнеше облыста жаңа өндіріс орындары іске қосылып, республикалық маңызы бар автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары аяқталды, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Сонымен қатар спорт инфрақұрылымы кеңейтіліп, қоғамдық орындар абаттандырылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды 8 қазан

Бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды

Биыл бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды. Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан тағы 1,3 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Түркістанда «кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жаңа әдеби алаң өз жұмысын бастады 8 қазан

Түркістанда «кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жаңа әдеби алаң өз жұмысын бастады

Түркістанда кітапты бірге оқып, бірге талқылауға арналған жаңа әдеби алаң өз жұмысын бастады. Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Бірге оқимыз, бірге ойлаймыз!» атты әдеби кездесу өтті. Алғашқы кездесу – қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» романына арналды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Олжас Бектенов Балқаштағы инфрақұрылым нысандарын аралады 8 қазан

Олжас Бектенов Балқаштағы инфрақұрылым нысандарын аралады

Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Президент тапсырмаларына сәйкес Балқаш қаласындағы коммуналдық-энергетикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарымен танысты. Ол Балқаш жылу электр орталығында, көпсалалы аурухана жанындағы жаңа ангиографиялық орталықта және Balkhash индустриялық аймағында болды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қазақстанда үш жыл ішінде төрт аудандық ветеринариялық зертхана пайдалануға берілді 8 қазан

Қазақстанда үш жыл ішінде төрт аудандық ветеринариялық зертхана пайдалануға берілді

Қазақстанда аудандық ветеринариялық зертханалар желісі жүйелі дамып келеді. Соңғы үш жылда төрт нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында Қарағанды облысында жаңадан ашылған аудандық ветеринариялық зертхана да бар, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Степногорск қаласында сирек жер металдары карбонатын өндіретін зауыт жаңғыртылады 8 қазан

Степногорск қаласында сирек жер металдары карбонатын өндіретін зауыт жаңғыртылады

Степногорск қаласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңғырту және сирек жер металдарын өңдеу мен бөлуге арналған жаңа зауыт салу жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Инвестиция көлемі 150 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба 2026–2028 жылдарға жоспарланған. Ол қолданыстағы өндірістік қуаттарды реконструкциялауды және сирек жер металдары карбонатын өндіретін жаңа өндірісті іске қосуды көздейді. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.

Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады 8 қазан

Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады

Үкімет Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тарту мен импортты алмастыру және локализациялауды арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Aktobe Steklo ЖШС арасында шыны ыдыстар өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Үкімет тарапынан Аралды қалпына келтіру және Каспийді сақтау жөніндегі жұмыс күшейтілді 7 қазан

Үкімет тарапынан Аралды қалпына келтіру және Каспийді сақтау жөніндегі жұмыс күшейтілді

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауыында берген тапсырмаларын орындау аясында Солтүстік Аралды қалпына келтіру және Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, Президент Аралды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ серіктес елдермен бірлесіп, Каспий теңізін сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуді қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді 6 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Келіссөз барысында Мемлекет басшысы Оман Сұлтанына ілтипат танытып, оның Сұлтан ретінде Орталық Азияға алғаш рет сапармен келгенін атап өтті.

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді 5 қазан

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерімен кеңес өткізді.

Павлодар облысында Ақсу-2 станциясының вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды 5 қазан

Павлодар облысында Ақсу-2 станциясының вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Павлодар облысында 1981 жылы салынған Ақсу-2 станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысанды жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Абай облысында 160 МВт болатын ЖЭК жобалары дамып келеді 5 қазан

Абай облысында 160 МВт болатын ЖЭК жобалары дамып келеді

Абай облысында өңірдің табиғи әлеуетін – жел энергиясы мен күн сәулесін пайдалануға негізделген жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бағыты белсенді жүргізілуде. Бүгінде жалпы белгіленген қуаты 159,7 МВт болатын 8 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 7 жел электр станциясы – 129,7 МВт,  1 күн электр станциясы – 30 МВт, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.