Өңір жаңалықтары
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өткізді
Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар міндеттер қойды.
«Таза Қазақстан»: @TazaQazBot телеграм-чат-ботына 16 мыңнан астам өтінім түсті
Ең көп өтініштер Алматы, Астана және Түркістан облыстарының тұрғындарынан түскен. Ұлытау, Павлодар және Атырау облысы тұрғындарының белсенділігінің төмендігі байқалады, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Президент Маңғыстау өңіріндегі көлік-логистика инфрақұрылымының даму барысымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуда маңызды рөлге ие басты логистикалық хабтың бірі – Ақтау халықаралық теңіз портына барды.
Ақтөбе облысында жылына 2000 тонна шикізатты өңдейтін жүн өңдеу зауыты іске қосылады
Ақтөбе өңірінде жүн өңдеп, тоқыма емес материалдар өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Зауытта жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін Lap FormAir технологиясы қолданылмақ, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары Ақтау қаласындағы көтерме сауда-тарату орталығының жұмысымен танысудан басталды.
ШҚО-да Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жаңа мұражай мен Қасым Қайсеновке арналған мурал пайда болады
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлан ауданының орталығында №9 үйдің қасбетінде Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке арналған мурал – арт-нысан (қабырғаға салынған батырдың суреті) орналастырылады. Бұл мурал ауылдың мәдени жаңғыруының символына айналады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Экономиканың өсуіне жаңаша серпін: Олжас Бектенов Қордайдағы көлік-логистикалық кешен салу жұмысының барысын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, мультипликативтік әсері бар бірқатар ірі жобаны жүзеге асырылуын мысалға ала отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады.
Астанада II Орталық Азия медиафорумы өтіп жатыр
Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдерден журналистер, медиа компания басшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен беделді сарапшылардан тұратын 700-ден астам қатысушы жиналды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
«Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады
2025 жылдың мамыр айында Алматы облысында өтетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне дайындық жүріп жатыр. 500 шақырым қашықтықты қамтитын марафонға 15 жуық ел қатысады деп күтілуде. Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан және тағы басқа елдерден спортшылар келеді. Бұл шара тек спорттық тұрғыдан ғана емес, еліміздің мәдениеті мен тарихын насихаттау мақсатында да үлкен маңызға ие, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қазақстандық оқушылардың жобасы әлем үздіктерінің қатарында: алматылық оқушылар NASA байқауында жеңіске жетті
Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің екі командасы NASA және АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы (National Space Society) ұйымдастырған Space Settlement Contest 2025 халықаралық байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Президентке Шымкент қаласының перспективті құрылыс жоспары таныстырылды
Мемлекет басшысына қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді.