Өңір жаңалықтары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығы алдында сөз сөйледі
Президент Конгресс-холға жиналған жергілікті қауым алдында сөйлеген сөзінде шаһарға жұмыс сапарымен арнайы келгенін, шырайлы Шымкент еліміз үшін өте маңызды қала, тарихы терең қастерлі мекен екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Shymkent City» саябағын аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев «Shymkent City» шағын ауданына жақын маңдағы жаңа саябаққа барды. Аумағы 20 гектардан асатын паркте сейілдеуге және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған. Субұрқақты жасанды тоған, амфитеатр, ландшафтты аллеялар, воркаут және скейт алаңдары бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты
Астанадағы әскери мұражайда «Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты көрме ашылды
Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери-тарихи мұражайы Қазақстан Суретшілер одағы және Өнер академиясымен бірлесіп Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған көркем көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билеттер қай күннен бастап сатылатыны айтылды
1 тамызда «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті толығымен коммерциялық негізде ұйымдастырылады. Билеттерді қалай және қашан сатып алуға болатынын «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Джей Ло концерті, «ALEM FEST» және дрондар шоуы – Астанада ірі іс-шараларға дайындық қалай жүріп жатыр
Қазақстан астанасы әлемдік деңгейдегі ірі музыкалық және мәдени іс-шараларды өткізуге дайын. Әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концертіне дайындық пен жазда жоспарға сай өтетін халықаралық деңгейдегі ірі фестивальдар жайлы «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов ОКҚ алаңында айтты.
Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысының бюджетіне ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін Үкімет резервінен нысаналы трансферттер түрінде шамамен 5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Түркістан облысындағы ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жобаларын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады
Президентке Павлодар облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табуда. Өңірде облыс тұрғындарының қатысуымен бірқатар тазалық акциялары өткізілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Атырауда «Study in Kazakhstan» көрмесі өтіп жатыр
Батыс Қазақстан бойынша «Study in Kazakhstan» көрмесі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өтіп жатыр. Көрмені алғашқы күні мыңнан астам оқушы мен жергілікті тұрғындар келіп тамашалады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
29-30 мамырда елордада Астана халықаралық форумы (AIF2025) өтеді
2025 жылғы 29-30 мамырда Қазақстанның астанасында әлемдік көшбасшыларды, сарапшыларды, инвесторлар мен бизнес өкілдерін біріктіретін аймақтағы ең ірі іскерлік оқиға – Астана халықаралық форумы (AIF2025) өткізіледі. Форум бағдарламасы қазіргі заманның негізгі сын-қатерлерін қамтыған пленарлық сессия мен 25 пікірталас алаңынан тұрады. Әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық шетелдік қонақ қатыспақ. Олардың арасында жетекші саясаткерлер, халықаралық ұйым, корпорация басшылары, инвесторлар мен ғылыми топ өкілдері бар, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.