Өңір жаңалықтары
Қазақстан мен Словения президенттері Астана халықаралық қаржы орталығына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді.
Жеңістің 80 жылдығы: Алматыда ашық аспан астындағы жауынгерлік техника мұражайы ашылады
Ұлы Жеңістің мерейтойына орай Алматыда жауынгерлік техникалардың ашық аспан астындағы жаңа мұражайы ашылады. Армия үйінің аумағында орналасатын мұражай 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мемориалдық кешеннің бір бөлігі болмақ, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
Шымкент қаласында мүгедектігі бар адамдар үшін 967 объект бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласында 967 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Активтерді қайтару: Павлодар облысы ауылдарында медициналық нысандар салуға 228 млн теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елімізге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Павлодар облысында медициналық нысандар салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 228 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты
«Өңірлер тынысы»: апта ішінде болған оқиғаларға шолу
Павлодар облысының тәжірибесі басқа өңірлер қолданысқа алатындай несімен пайдалы? Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынын болжаудың қандай заманауи шешімдері енгізілді? Родина ауылын өзге өңірлер қашан үлгіге алады? Әр күн сайын аймақтарда жергілікті тұрғындар үшін де, жалпы ел халқы үшін де маңызы жоғары сан-алуан оқиға болып жатады. Орталық коммуникациялар қызметінің «Өңірлер тынысы» апталық шолуы қызықты және маңызды оқиғаларды назарларыңызға ұсынады.
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі мен төтенше жағдайлар министрінің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады.
«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі 70 жылдық мерейтойы аясында ел өңірлерін гастрольдік іс-сапармен аралайды
Биыл ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдық мерейтойы атап өтілуде. 2025 жылы жоспар бойынша Солтүстік Қазақстан мен Астана қаласына гастрольдік іс-сапар жоспарланып отыр. Мерейтойға орай «Би керуені» атты ауқымды жоба, музейлерде фотокөрмелер, би өнерін насихаттау мақсатында телеарнада деректі фильм түсіріледі. Одан бөлек, мерейтойға орай артистердің шығармашылық қуаты мен әлеуетін арттыру мақсатында ұжымның штаттық кестесі аясында фольклорлық-ансамбль құрылды. ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің директоры Елубай Кенжалиев ОКҚ алаңында ұжымның қызметі жайында айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады
Мемлекет басшысына Алматының биылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары және қаланы өркендетудің перспективасы баяндалды. Ерболат Досаевтың айтуынша, аталған кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 7 пайызға дейін артқан, жыл қорытындысы бойынша өңірлік жалпы өнім 6,4 пайызға өседі деп болжанып отыр.
Үкімет Қостанай қаласының индустриялық аймағының инфрақұрылымы үшін 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет «Қостанай» индустриялық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
29 наурыз күні Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді
Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі
Биыл Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласында 600-ге жуық жұмыс орнын құра отырып, 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда бар. Олардың ішінде Ақтөбе облысында жүнді терең өңдеу жобасы, Түркістан облысында тоқыма бұйымдарын өндіретін мақта кешені және Шымкент қаласында тоқылған шұлық өндіру жобасы бар. Саланы дамыту үшін жеңіл өнеркәсіпті дамыту және мақта-тоқыма кластерін құру бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту және мақта-тоқыма кластерін құру бойынша жол картасы іске асырылуда. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков ОКҚ брифингінде осылай деді.