Өңір жаңалықтары
Абай облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 600-ден астам нысан бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Абай облысында 680 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Биыл Жамбыл облысында 76 каналды реконструкциялау және 3 су қоймасының құрылысы басталады
Биыл Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 428 шақырым болатын 76 суару каналын реконструкциялау жұмысын бастау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Қалғұты, Ақмола және Ырғайты су қоймаларының құрылысы жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Қарағанды облысында онкологиялық қызмет жаңа жабдықтармен толықтырылды
Қарағанды облысында онкологиялық көмекті жақсарту жалғасуда. № 3 көпбейінді ауруханада (облыстық онкодиспансер) «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен сәулелік терапияның заманауи орталығы жабдықталды. Ол ең жаңа аппараттармен жабдықталған – желілік жылдамдатқыш және ісіктерді егжей-тегжейлі визуализациялауға мүмкіндік беретін компьютерлік томограф, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Активтерді қайтару: Астанадағы жаңа стадион құрылысына 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым салу жобаларын жүзеге асыруда. Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады
Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған даму жоспары таныстырылды.
Су тасқынына дайындық: ел аумағының 71%-ында қар жатыр
Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71%-ында қар жатқанын хабарлады. Еліміздің оңтүстігінде: Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, батысында: Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.
Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды іске асыруда. Қызылорда облысының Арал ауданында сумен жабдықтау жүйесін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 4,2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады
Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды. Облыс әкімі өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі салаларға тартылған инвестиция мен өндіріс көлемінің өскенін атап өтті. Жалпы көлемі 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 46 жаңа өндіріс орны іске қосылған.
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековті қабылдады
Президентке облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
БҰҰ Бас Ассамблеясы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады. Бұл – еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.
Көктемгі әскерге шақыру: астаналықтардың алғашқы легі шекараға қызмет етуге аттанды
Көктемгі әскерге шақыру шеңберінде Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинау пунктінде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімшесіне алғашқы 25 әскерге шақырылушы жіберілді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.