Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды 17 ақпан 2025

Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жіберіледі 17 ақпан 2025

Қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жіберіледі

Биыл жергілікті экожүйені сақтау үшін 2,5 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр. 2024 жылы осы мақсатта 1,5 млрд текше метр су жіберілді. Мысалы, Қызылорда облысының көлдер жүйесін сақтауға 889 млн текше метр, Павлодар облысының Шідерті өзенінің сағаларына 87,5 млн текше метр, Теңіз-Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдерінің экологиялық жағдайын жақсарту үшін Нұра өзеніне 29,7 млн текше метр су жіберілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Абай облысында жаңа сәулелік терапия аппараттары іске қосылды 14 ақпан 2025

Абай облысында жаңа сәулелік терапия аппараттары іске қосылды

Абай облысының ядролық медицина және онкология орталығында SOMATOM go.Sim компьютерлік томографы мен TrueBeam сәулелік терапия жүйесі іске қосылды. Аталған қондырғылар «Қазақстан Халқына» Қоғамдық Қорының қолдауымен алынып отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды 14 ақпан 2025

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды

Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық-энергетикалық секторын жаңғырту қарқынымен танысты 14 ақпан 2025

Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық-энергетикалық секторын жаңғырту қарқынымен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысымен және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Премьер-министр су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінде республикалық кеңес өткізді 13 ақпан 2025

Премьер-министр су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінде республикалық кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков және бірқатар облыс әкімдері қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді 13 ақпан 2025

Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Сергеев су торабына барды, сондай-ақ Петропавл қаласында 1-ші көтергіш сорғы станциясы мен бөгет бекінісін реконструкциялау барысын тексерді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Астанада тарихи комикстің алғашқы шығарылымы таныстырылды 12 ақпан 2025

Астанада тарихи комикстің алғашқы шығарылымы таныстырылды

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Әлихан мен Әйкерімнің саяхаты» тарихи комиксінің алғашқы шығарылымы таныстырылды. Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым, ғылыми қоғамдастық өкілдері мен елорданың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Абай облысында қайтарылған активтер есебінен Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы салынады 12 ақпан 2025

Абай облысында қайтарылған активтер есебінен Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңыз бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Астанада бизнес өкілдерімен кездесуде ҚҚС сараланған мөлшерлемесі талқыланды 11 ақпан 2025

Астанада бизнес өкілдерімен кездесуде ҚҚС сараланған мөлшерлемесі талқыланды

ҚР қаржы министрі Мәди Такиев пен ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бизнес өкілдерімен салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкімет ұсыныстарын талқылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтеді 9 ақпан 2025

Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтеді

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 11-15 ақпан аралығында елордада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Активтерді қайтару: Жетісу облысы Көксай ауылында жаңа мектеп салынады 7 ақпан 2025

Активтерді қайтару: Жетісу облысы Көксай ауылында жаңа мектеп салынады

Үкімет Мемлекет басшысының қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Арнайы мемлекеттік қордан Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жаңа мектеп салу үшін 1,4 млрд теңге қаржы бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.