17 тамызда АҚШ Қорғаныс министрлігі «биологиялық қаруды қолдануға тыйым салатын, табиғи індеттерге жедел ден қоятын және зертханалық апаттардың жаһандық қаупін барынша азайтатын тұрақты ортақ күш» құруға бағытталған биологиялық қорғаныс жағдайының жаңартылған шолуын жариялады. «Биологиялық қорғаныс» шолуы да, АҚШ пен шетелдік беделді стратегияларда да осындай қауіптерге қарсы тұру тежеу және қауіпсіздікті қам­тамасыз ететін кешенді шараларды қамтиды. 2020 жылы қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құруды ұсынды, деп жазады Ричард Вайц «The Washington Times» газетінде.