Тілшінің сұрағы:2019 және 2020 жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жапа шеккен азаматтардың саны қанша? Қанша әйел, бала? Неше іс сотқа жетті?
ҚР Бас Прокуратурасының жауабы: екі жыл ішінде республика бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында 1711 (2019ж. – 1055, а.ж. 8 айында - 656) қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.
Олар бойынша 1790 (2019ж. – 1175, а.ж. 8 айында – 615) азамат жапа шеккен, оның ішінде әйелдер – 943 (2019ж. – 646, а.ж. 8 айында – 297), кәмелетке толмағандар – 73 (2019ж. – 47, а.ж. 8 айында – 26).
Тіркелген қылмыстық істердің 1073 (2019ж. – 652, а.ж. 8 айында - 421) сотқа жолданған, 638 (2019ж. – 403, а.ж. 8 айында - 235) тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.