Күлтегін Аспаұлы сұрағы (Qazaq Times): Бойынан коронавирус табылған, бірақ басқа аурудың себебінен қайтыс болған 319 адам туралы дерек соңғы рет 40 күн бұрын, 23 шілде айтылды. Бұл көрсеткіш 17 тамыз нешеге жетті? Олардың қаншауы оқыс жарақат не апатты жағдайдан қайтыс болды? Және қаншауы қандай түрдегі созылмалы аурулардың кесірінен көз жұмды? Диагнозы мен санын нақты көрсетуді сұраймыз.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауабы: Сіздің коронавирустық инфекция бойынша деректерді жариялауға қатысты сұрығыңыз назарға алынды және ағымдағы жылдың 27 тамызынан бастап өңірлер бөлінісінде коронавирустық пневмония бойынша деректер күн сайын тұрақты негізде жарияланатын болады. Сонымен бірге, 26 тамызға бір тәулік ішінде республика бойынша коронавирустық пневмонияның 781 жаңа жағдайы және 7 қайтыс болғандар тіркелген.

Оның ішінде:

Ақмола -20 жайдай/1;

Ақтөбе - 21 жағдай/1;

Алматы - 38 жағдай/1;

Атырау-10 жағдай/0;

Батыс Қазақстан -40 жағдай/0;

Жамбыл -23 жағдай/0;

Қарағанды -34 жағдай/0;

Қостанай -88 жағдай/0;

Қызылорда -2 жағдай/0;

Манғыстау -14 жағдай/0;

Павлодар -57 жағдай/0;

Солтүстiк Қазақстан -27 жағдай/0;

Түркістан -58 жағдай/0;

Шығыс Қазақстан -118 жағдай/2;

Нұр-Сұлтан қаласы -101 жағдай/0;

Алматы қаласы -114 жағдай/0;

Шымкент қаласы -16 жағдай/2.