Күлтегін Аспаұлы сұрағы (Qazaq Times): Коронавирус сияқты ковидтік пневмонияның күн сайынғы аймақтық көрсеткіші қашан жарияланады? Бұл да күнделікті жариялануы керек. Өйткені министр Алексей Цой 3 тамыз күні сол аптада-ақ іске асыруға уәде берген еді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауабы:Сіздің коронавирустық инфекция бойынша деректерді жариялауға қатысты сұрығыңыз назарға алынды және ағымдағы жылдың 27 тамызынан бастап өңірлер бөлінісінде коронавирустық пневмония бойынша деректер күн сайын тұрақты негізде жарияланатын болады.

Қазақстан Республикасында 1 тамыздан бастап коронавирустық пневмониямен 23 543 науқастар тіркелді, 268 адам қайтыс болды.

Оның ішінде:

Ақмола - 727 жағдай/24; Ақтөбе - 818 жағдай/23; Алматы - 1 202 жағдай/36; Атырау-1 288 жағдай/12; Батыс Қазақстан -743 жағдай/9;Жамбыл - 1 570 жағдай/3; Қарағанды – 1 743 жағдай/20; Қостанай - 2 342жағдай/12; Қызылорда - 886 жағдай/5; Манғыстау - 812 жағдай/3; Павлодар – 1 475 жағдай/14; Солтүстiк Қазақстан - 823 жағдай/0; Түркістан - 939 жағдай/4; Шығыс Қазақстан - 3 047 жағдай/26; Нұр-Сұлтан қаласы – 2 547 жағдай/19;Алматы қаласы -2 023 жағдай/42; Шымкент қаласы - 557 жағдай/16.

Сонымен бірге, 26 тамызға бір тәулік ішінде республика бойынша коронавирустық пневмонияның 781 жаңа жағдайы және 7 қайтыс болғандар тіркелген.

Оның ішінде:

Ақмола -20 жайдай/1; Ақтөбе - 21 жағдай/1; Алматы - 38 жағдай/1; Атырау -10 жағдай/0; Батыс Қазақстан - 40 жағдай/0; Жамбыл - 23 жағдай/0; Қарағанды -34 жағдай/0; Қостанай - 88 жағдай/0; Қызылорда - 2 жағдай/0; Манғыстау -14 жағдай/0; Павлодар - 57 жағдай/0; Солтүстiк Қазақстан - 27 жағдай/0; Түркістан - 58 жағдай/0; Шығыс Қазақстан - 118 жағдай/2; Нұр-Сұлтан қаласы - 101 жағдай/0; Алматы қаласы - 114 жағдай/0; Шымкент қаласы -16 жағдай/2.