Асима Нұрбайқызы сұрағы (Qazaqstan телеарнасы):
ПТР тестілеу тәулігіне қанша адамға жасалып жатыр?! Бұрынғыдай 26-28 мың тестілеу қазір де бар ма?!
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауабы: Үстіміздегі жылдың 13-ші наурыз айынан 24-ші тамыз аралығында COVID-19 (ПТР) зертханалық тексерулер барлық саны – 2 434 344 адамға жүргізілген (яғни, бұл 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш – 12 976), оның ішінде: 104 718 оң, 2 329 442 теріс нәтижелерді көрсетіп отыр. ПТР тестілеу тәулігіне тәулігіне 7 257 адамға жасалды, оның ішінде: 184-нің нәтижесі оң.