Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ежелден жақсылық пен жасампаздықты дәріптейтін ұлық мереке. Күн мен түн теңеліп, күллі табиғат қайта жаңаратын әз Наурызды қарсы алуға бабаларымыз ерекше мән берген. Жыл басын Ұлыстың ұлы күні деп ардақтаған. Әз Наурыз – береке-бірліктің, шынайы жанашырлықтың және өзара қамқорлықтың мейрамы. Мен бүгін Ұлыс күнін өздеріңізбен бірге қарсы алу үшін Алматыға арнайы келдім.