Конференцияны ұйымдастырушылар қазіргі күнде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың көптеген тетігі бар екенін атап өтті. Солардың бір Үкімет құрастырған ел ішіндегі құндылықты дамытуға бағдарлама.

Аталған бағдарлама аясында импорт алмастыру бойынша тауар өнідіретін кәсіпкерлерге қаржылық көмек жасалады.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар «Атамекен» ҰКП бизенеске арналып жасалған цифрлық жүйе туралы айтты. Цифрлық жүйеге тіркелген әрбір кәсіпкер өзіне қажетті барлық ақпаратты ала алады.

Конференцияның мақсаты - кәсіпкерлерге «Самұрық-Қазына» АҚ отандық өнім өндірушілерге қалай қолдау көрсететінін қарапайым тілде жеткізу.