Медицина мекемемелері қағазбастылықтан арылудың арқасында 250 миллион теңгені үнемдеді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Бұл дегеніміз, аталған мекемелер қағазбастылықтан құтылды деген сөз. Соның арқасында біз 250 миллион теңгені үнемдеп отырмыз. Бұрын ол ақшаға қағаз, флюропленка және тағы басқа заттар сатып алынатын. Биыл біз осы саладағы жұмысты жалғастыратын боламыз. Себебі аудан деңгейінен төмен медициналық мекемелерде интернет әлі жоқ. Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесе отырып, 2021 жылға дейін ауыл емxаналарын да толығымен электронды форматқа ауыстыруды жоспарлап отырмыз», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.

Айтуынша, өткен жылы медициналық мекемелерді компьютермен жабдықтау, интернет желісін жеткізу және арнайы ақпараттық жүйелерді орнату бойынша біраз жұмыстар атқарылды. Осының нәтижесінде орталық аудандарға дейін барлық ауруxаналар электронды форматта жұмыс істей бастады.