Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Адигул продакшнмен» бірлесе түсірген «Біздің қаланың ханзадасы» фильмі «Бадал Рахман атындағы үздік балалар фильмі» призін жеңіп алды. Фестиваль 2019 жылғы қаңтардың 9 мен 18 аралығында Дакка(Бангладеш) қаласында өтті.

«Адамдар арасындағы бөлтірік», «Қызғыш құс», «Махаббат станциясы» атты фильмдерімен халыққа танылған Талғат Теменовтың бұл туындысы – балалар үйінің тәрбиеленушісі және қарттар үйінде өмір сүретін қария туралы.

«Мен үшін бұл күтпеген жаңалық болды. Менің досым, танымал сербиялық өнертанушы, аталған кинофестивальде болған екен. Сол кісі қоңырау шалып, біздің фильмнің үздік балалар фильмі аталғаны туралы айтты. Бұл жеңісімізге өте қуаныштымын. Бұл – «Кішкентай ханзаданың» үлкен жеңісі», - деді картина режиссері.

Естеріңізге сала кетейік, фильмде басты рөлді сомдаған актер Төлеубек Аралбай 2018 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында өткізілген кинофестивальдің «Ер адам ролін үздік сомдағаны үшін» аталымын жеңіп алған-ды. Сонымен қатар, картина II халықаралық «Еуразиялық көпір» атты кинофестиваліне негізгі конкурсына қатысқан.

Сонымен қатар, «Шыңырау» фильмі де Даккадағы кинофестивальде жүлдемен марапатталды. Фильмнің операторы Ривқат Ибрагимовтың жұмысын азия фильмдері конкурсында үздік деп таныды. Фильмнің режиссері – Жәнібек Жетіруов. Даккадағы халықаралық кинофестиваль 1992 жылдан бастап өткізіледі. Кинофорум Бангладешдегі беделді кинофестиваль саналады. Кинофестивальдің ұйымдастыру жұмыстарын Rainbow Film Society клубы жасайды. Фестивальдің негізгі мақсаты – Бангладеш көрерменін әлемнің мейнстрим фильмдерімен таныстыру және отандық кинематографиясын дамыту.

«Дакка фестиваліне көрші мемлекеттерден келген сарапшылар "Шыңырауға" қатты қызығушылық танытып, өз фестивальдеріне шакырды. Фильмнің фестивальдік тағдыры енді басталғалы тұр. Алатын биігі де алда деп ойлаймын. Қазірдің өзінде екі фестиваль өз анкеталарын жіберіп оларға жауап жазып жібердік», - деді Жәнібек Жетіруов.

Айта кетсек,биыл Даккадағы кинофестиваль 72 елдің қатысушыларының басын қосып, 220 кинолента көрсетілді. Фестивальде «Азия киносы», «Ретроспектива», «Бангладеш панорамасы», «Әлем киносы», «Балалар фильмдері», «Қысқаметражды және тәуелсіз фильмдер», «Әйел кинематографистер» және «Рухани фильмдер» секциялары жұмыс істеді.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Первый Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев:

«Участвуют семь кандидатов. Это признак того, что в нашей стране существует политическая конкуренция. Кандидаты представляют интересы различных общественных групп и объединений. Каждый кандидат выдвинул свою программу дальнейшего развития страны и общества... Я продолжаю работать на благо нашей страны. Хочу подчеркнуть, что никакого двоевластия в стране допускаться не будет. Все мы будем работать на президента, которого изберёт народ...»

Министр информации и общественного развития Даурен Абаев:

«Полным семьям, в которых родители в состоянии работать и зарабатывать деньги - государство дает беспроцентные кредиты на открытие своего дела. Государство готово и уже вкладывает в обучение их навыкам ведения бизнеса. Вы знаете, я буквально вчера приехал из Костанайской области и там журналисты мне рассказали про многодетную маму Гульсару Аймагамбетову. Она окончила курсы предпринимательства и получила льготный кредит на три миллиона тенге, купила несколько голов крупного рогатого скота и сейчас активно продает молочную продукцию, планирует увеличить поголовье. Вся ее большая семья помогает ей вести бизнес. Я думаю, такая поддержка многодетных семьей - гораздо эффективнее»

200 млн тенге направят на реставрацию векового здания мечети в Костанае

990 оздоровительных лагерей для школьников будут действовать в ВКО