«Internews Kazakhstan» заңгері Ольга Диденко Орталық коммуникациялар қызметінде өткен республикалық семинарда Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы мен БАҚ саласындағы қиындықтар туралы айтып берді.

«Бұқаралық ақпарат құралдарына деген сын пікірлер артып келеді. Әлемнің барлық өңірлерінде. Өкінішке орай, бұқаралық ақпарат құралдарына сенім деңгейі төмендеуде. Біз бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенімділікті арттыруға тырысудамыз. Бұқаралық ақпарат құралдарына деген сыни деңгейді қалай сақтаймыз? Бірақ Қазақстанда жүргізілген зерттеулер бойынша аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім өте жоғары деңгейде қалып отыр. Бұл өте жақсы және біз осы үрдісті одан әрі қалай нығайту қажет екендігін ойластырудамыз», - деді ол.

Ольга Диденконың пікірінше, бұқаралық ақпарат құралдарының осындай үрдістерге икемділігі мен тұрақтылығы туралы мәселе - ең алдымен, мемлекеттік басқаруды, қоғамды, іскер серіктестерді сендіру үшін медиа қоғамдастықтың өзін-өзі реттеуінің өсуі.

Ольга Диденко, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қауіпсіздік саласындағы үрдістерге тоқталды.

«Осы кездесуден бұрын біз журналистердің қауіпсіздігін талқыладық және ол әлі де талқылануда. Қазақстанда бұл мәселе бойынша қиындықтар жоқ деуге болады. Журналистермен қарым-қатынаста қандай да бір күрделі жағдайлар кездеспейді. Журналистерді өлтіру - қорқынышты оқиға. Бірақ бізде ондай жоқ. Сондықтан, бізде оң үрдіс бар. Дегенмен, жаһандық деңгейде журналистерге шабуыл бүкіл әлем бойынша жүріп жатыр. Бірақ, сәйкесінше, оң үрдіс бар ел ретінде өздерінің кәсіби іс-қимылдарын жүргізген кезде журналистерге көрсетілетін қысымды, қатерлерді болдырмау туралы ойланамыз. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың да бұл мәселеге көмектесетінін және қамқорлық жасайтынын байқап жүрміз. Сондықтан біз мұны оң үрдіс деп санаймыз және журналистердің қауіпсіздігі туралы ЮНЕСКО-ның мемлекеттерінің жауаптардың санын көбейгендігімен қатар, жалпы алғанда журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ортақ күш-жігерімізді бағалаймыз », - деді О. Диденко.